Үлкен үйдегі үрей
өз табысына соттаспай да, оттаспай да ие болады», «Бізде де
азаматтық неке деген көбейіп барады, ол əйелдің қой ны на
қалауыңша жатасың, ұнатпаған кезде ешбір тəуелді болмай,
ешқандай неке бұзды деген атқа қалмай кете бересің», – де-
ген мəселелер төңірегінде пікірталас өрбіген. Өзі осы ның
бəріне қарсы болса да, міне, алдынан шығып отыр ма қа лай?
Əйелі «қандай шешімге келдің?», – деп сұрамайды, тым-
пи ойнағандай болып жүр. «Мен мəселені төтесінен қой дым.
Не үй алып бер, не осыған келіс» дегендей. Жария бір нəр-
се бастамайды, бастаса қоймайтын мінезі бар. Сондықтан ол
айтқан екен, оны тоқтату үшін нақты дəлел керек.
Мақсұттың байқағаны: «Ел не дейді?», «Менің намысы-
ма тиеді» деген сияқты дəлелдерге «Елдің бізде несі бар,
жаны ашыса басымызға баспана алып берсін», «На мы сың
келіп бара жатса, он жылдан асты көшіп-қонып жүрміз, сон-
да неге намысты ойламадың», – дейін деп отыр. Оған айтар
дəлелі тағы жоқ. Заманды, қоғамды, жас отбасыларын, еліне
керек жас ғалымдарын ойламаған өкіметті жамандағанда не
табады. Қанша ұмтылса да ісі оңға баспай жүрген жал ғыз
бұл ма? «Дүние қусам, ғылыммен кім айналысады?», – деп
бастарын бəйгеге тігіп, қағазға көміліп отырғанда отбасыла-
рынан ажырап қалып жатқан ғалымдар қаншама. Ары тартса
өгіз өледі, бері тартса арба сынады.
Ешкім сыза алмайтын сызбаларды сызатын, ешкім таба
алмайтын есептердің шешімін табатын мұның басы мем-
лекетке керек, бірақ «сол бастың иесі қайда тұрады, тап қан
айлығы ішіп-жеміне жете ме, отбасы қаңғып жүрген жоқ па
жас ғалымның?», – деп ойлап жатқан Үкімет басында бір
пенде жоқ.
Шала-шарпы білімі, кездескеннің ойын көзінен оқып,
қал та сын қағып түсетін қулық-сұмдығы барлардың басында
зəу лім сарай, астында бір ауданды асырайтын ақшаға келген
кө лі гі бар. Соның тапқан пайдасы өз басына ғана керек, ал,
ғалымның қиыннан қиыстырып тапқаны күллі елге керек
|