Сәуле Досжан 283
– Жаңа үй? – деп алдыңғы орындықта отырған əйелінің
құлағынан тартып еркелетіп қойды.
Шіркіннің маңғаздығы сондай, өзі кетерде «босатыңдар
деп жатқан бөлмелерінен шығарып жіберді ме екен» деп
ойына кіріп-шықпайды.
«Əкімшілік жаңа үй бергендей «Жаңа үй?», – дейді ғой».
Келіншектің аяқ астынан қитығы ұстап қалды. «Үй» десе,
жыны қозама-ау, əйтеуір сол тақырыпты қозғаса қыр сы ғып
қалатын болып жүр. Ең жанды жері сияқты. Аяқ астынан
өзін қор санап қалады. Миллионнан астам халқы бар мынау
мегополистегі ең қор қатын өзі сияқты. Жаңа ғана са ғы ны-
сып табысқан көңілі су сепкендей басылды.
– Барған соң көресің, – деп Жария ары қарай үндемей
қойды.
Содан үйге жеткенше ерлі-зайыптылар көп сөйлеспеді,
тек Дəрмен ғана əкесіне бірдеңелерді айтып былдырлап ке-
леді. Бала дəнекер деген осы. Екеуінің арасын дəл қазір осы
бала ғана жалғап отыр, əйтпесе əйелі өкпелі еді...
Үйге келіп жайғасып, шəй үстінде мəселенің мəнісіне қа-
нық қан соң Мақсұт балконға шылым шегуге шықты. Жария
тоңа зыт қы шын ақтарып қазанына ас сала бастады. Дəр мен
болса аяқ киімін шала кие сыртқа сытылып бара жатты.
Мақсұттың тағы бір жыл оқуға қалсам деген арманы бар
еді көңіл түпкірінде. Оны мынандай далада қалғандай бо-
лып отырған жағдайда əйеліне қалай айтады. Осы ойлардың
құ ша ғын да шылымын сорып тұрып төменге көз салды. Ұлы
топты баланың ортасында ойынның туын тігіп жүр. «Ара-
йым не істеп жүр екен, қалың қамыстың ішінде», – деп қызы
есі не түсіп еді, жүрегі елжіреп кетті.
Жатын бөлмеге барып төсекке жатып көз шырымын ала-
йын деді. Төсектің бас жағындағы шашылып жатқан қа ғаз-
дар ға көзі түсті. Қағаз шұқылап қалған əдетімен қолына
алып қарай бастады. Бəрі «ерлi-зайыптылардың жұмыртқа
клеткаларын түтiкшеде ұрықтандырып, оны басқа бiр əйел-