Үлкен үйдегі үрей – Күйеуiмдi олар (тапсырыс берушi ата-ана) жалақысы
жо ға ры жұмысқа орналастырып беретiнiн айтты. Күйеуiмнiң
мi не зi салмақты, мейiрiмдi, жанашыр жан. Перзентке зар
жан дар ға көмек қолын созудан тайынған жоқ.
– Ұсыныс түсiп жатса тағы да бала көтерер ме едiңiз? – Бұл оңай шаруа емес. Балаға деген жауапкершiлiктi
басқалармен (жұмыспен) салыстыруға келмейдi. Бiреу үшiн
кү тi не сiң, уайымдамауға, ашуланбауға тырысасың. Жан-
ұяң да ғы адамдар да сенi түсiнiп, жағдайыңды жасау керек.
Сон дық тан, мұндайда жақсылап ойланған дұрыс», – дейді
мақалада.
Өзі танысып шыққан əдебиеттердің ішіндегі құрсақ ана
жайында нақтылау жазылғаны осы болды. Мұнда тек ме-
ди ци на лық жағынан ғана емес, адамның психологиясы жа-
ғы нан да кеңінен айтылған. Мына мақаланы оқып шық қан-
нан кейін құрсақ ана болуға шындап ниеті ауды. Мақ сұт пен
сөйлескенде оқытармын деп сақтап қойды.
Ұлдары тұңғыш рет мектеп есігін ашқанда анасы екеуі
ғана қолұстасып бармасын деп Мақсұт оншақты күнге уа қыт
тауып демалысқа келді. Жария өздерінің көшіп-қон ған дық-
та рын телефон арқылы тəптіштеп күйеуіне айтқысы келме-
ген. Қай кезде оралса сонда жағдайларын көрер деп, сөй лес-
кен де бəрі жақсы дейтін де қоятын.
Мақсұтты ұлы мен əйелі аэропорттан күтіп алып такси-
мен «Ақсай» шағын ауданына қарай тартты. Өздеріне таныс
емес жолдармен келе жатқаннан кейін Мақсұт:
– Жарияш, жолай шаруаң бар ма еді? – деп сұрады.
– Мен сені алып қашып барам, – деп күлді келіншек
сылқылдап.
– Қайда?
– Ақсайға.
– Ақсайға?
– Көке, сіз білмейсіз бе, біз жаңа үйге көштік қой, – деп
баласы сөзге араласты.