Үлкен үйдегі үрей
Ауылдан біздің неге кетеді
Ауа райы ма жақпаған? –
деп əндетіп те жіберді де, – Менің күйеуім Жақсыбек те
көршінің ұлы болып шықты, – деді.
– Ал, біздер көршінің балаларын менсінбеуші едік, – деп
күлді Шара.
– Жақсыбек екеуміз осы Алматыда, ол – КазГУ-де, мен –
Халық Шаруашылық институтында оқыдық. Соңғы курста
шаңырақ көтердік. Қатарымыздан қалмай қызмет те іс те дік,
ғылыми жұмысқа да үлгердік. Тек бір перзентке зар болып
қатарымыздан қалып қалған жайымыз бар, – деп ұялы жана-
рына мұң толды.
– Қаралмаған дəрігерім қалмады, жүрегімді емдету үшін
шетелге дейін бардық. Операция да жасаттым, жаным зорға
қалды. Өзімде аналық ұрығым бар, жатырым да бар, əйел
ретінде бəрі де дұрыс, бірақ жүрегімнің ауруына байланы-
сты баланы өзіме көтеруге болмайды деп айтты. Баланы
эмбрион күйінде басқа əйелдің жатырына салып соған ту-
ғы зу ғана ұрпақ сүюге мүмкіндік беретінін айтты. «Өліп қал-
сам да туам», – дегеніме Жақсыбек екіқабат болуға рұқ сат
бермеді. Енем мен шешем тіпті бақсы-балгерге де апарды.
Палшылар келешек өміріме қарап: «Бəрі жақсы болады. Екі
перзент сүйеді», – депті. Сол бала сүйетін күнге жете алмай
жүрмін. Жақсыбек ол жайында мен отырған жерде əңгіме
айтқызбайды. Жақсыбекті де аяймын, мен үшін перзентсіз
болып жүр ғой деп. Ал мен үмітімді үзбей, өзім нің ден сау-
лы ғым жарамаса да Құдайдан жатыры жақсы, жаны адал бір
əйел ді кездестіре гөр деп тілеп жүр едім.
– Сізге босанып беретіндей жақын сіңліңіз жоқ па? – деді
Шара.
– Сіңлім бар, ағайындас туыс сіңлім де бала туып бе ре-
йін деген, мен өзім қарсы болдым. Өйткені, жақын адамнан
бала алған туыстарымды көргемін, жылдар өте ол талас ба-
|