Үлкен үйдегі үрей
шық қан, генералдың қызы болсын», – дейтін шығар деп
күлген.
Кейін мен əйелінен себебін сұрасам, «Бізге бала туатын
ананың əдепті, жақсы тəрбиесі, жоғары білімі болсын де ге-
ні міз бала қанша дегенімен оның қанынан нəр алады, сон-
дық тан ол əйелдің барлық қасиеттері балаға жатырдан ауы-
сады. Егер ол салақ, ақымақтау, білімсіз, өркөкірек болса –
баламыз да біз тілегендей болмай қалады ғой», – деді. Егер
Жа рия ның денсаулығы сəйкес келсе, басқа жағынан сү рін-
бей ті ні не сенемін», – деп өзінше кепіл болып қояды.
– Бізге ұсыныс жасап жатқан ешкім жоқ бала тауып бер
деп, өзіміздің мəселемізді шешіп алу үшін осынша əу ре лен-
ге ні міз ге жөн болсын, – деп пікірталасты Жария тоқтатты.
Соңында Мақсұт:
– Егер ойыңдағыдай ұсыныс түсіп жатса, денсаулығың
кө тер се мен қарсы емеспін, баланың зарын шынымен тартып
жүр ген бір бейбақтарды бақытты етсек қанеки. Сондықтан
осындай болып жатқан жағдайда оны бала мен «құрсақ ана»
саудасы деп қабылдамайық. Менің де сендерге айта алмай
жүр ген бір сырым бар еді, – деп еді, екі əйел екі жақтап:
– Немене, тоқал алып жасырып жүрсің бе, соны естір-
тейін дедің бе? – деп шулап қоя берді.
Екі əйелді мажықтыру үшін Мақсұт та біраз əзілге айнал-
дырып отырып алды. Біраздан соң:
– Қыздар, мен Түркияда тағы бір жылға қалып оқуым ды
жалғастырсам деп едім, – деп шындығына көшті.
– О, онда екі жақтың ойы дөп шықты, Жарияш сіз оқып
келгенше пəтер алып қояды, – деп Шара дереу күні бой ғы
таластың шешуін таба қойғандай болды.
Екі күннен кейін Мақсұт оқуына қайтты. Бірақ бұл жолы
біреудің пəтерінде жаутаңдап қалған баласы мен «қайт сем
баспаналы болам», – деп жанын саудаға салып отырған жа-
рын ойлап қолынан келер қайран жоқ, іші қазандай қай нап
ұшаққа отырды.
|