Сәуле Досжан
289
7
– Жария, сен шынымен «құрсақ ана» болам деп жүр ме
едің? – деп алып-ұшып бір күні Шара келді.
Оның айтуынша өткендегі қалталы ерлі-зайыпты тағы
өті ніш түсіріпті. Шара əйелін шақырып алып сөйлескен
екен, Жарияның кандидатурасы ауызша айтуымен өтіпті.
Енді екі əйелдің бетпе-бет кездесуі керек, содан ана əйел ке-
ліс се, Жарияның денсаулығын тексереді. Бала көтеруге жа-
райтын болса, шартқа отырады.
– «Құрсақ ана» жас ғалымдар отбасы оларға бəрі ой да ғы-
дай болса пəтер алып бере аласыздар ма? – деп бірден сұ ра-
дым, сенің көңіліңді алаңдатпау үшін, – дейді досы.
Содан ол əйел күйеуімен сөйлесіп, «Бала үшін еш нəр се-
ден аянбаймыз», – деп ертесі хабарласты. Ал, досым кірі-
сейік. Күйеуің келісімін берді, – дегенде екеуінің айтып жүр-
ге ні шынымен орындалғалы жатқанынан Жария енді қор қып
қалды.
– Ойбай, Шара, шынымен сондай жасайық деп жа тыр мыз
ба? Сегіз жылдан бері тумай жүргенге үйреніп қа лып пын,
екіқабат болудан қорқам, – дейді Жария.
– Сен немене, бүгін күйеуге тигендей, қыздай ма йы са сың
ғой. Кеше ғана күйеуің келіп кетті, сұрағанға екі қа бат пын
дей сал.
– Кейін балам қайда деймін?
– Бұйырмады де. Сен оны жатқа туатыныңды ұмытпа.
Ол сенікі болмайды... – деп жайбарақат айта салды ана мен
баланың тағдырын аузымен шешіп.
Шара айтып отырған əйелге дəрігерлер жүкті болып, бала
тууға қатаң тиым салған, өйткені оның жүрегінде туа біт кен
ақауы бар екен, сондықтан бала көтеруден өміріне ті ке лей
қауіпті болғандықтан, амал жоқ, жалғыз мүмкіндігі – құр-
сақ анаға күйеуі екеуінің эмбрионын салып перзент кө ру ге
тоқтайды.
290
Достарыңызбен бөлісу: |