Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет261/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
287
екенін кім білер. Қалтаңда көк қағазың болмаса құның көк 
тиын. Сенің намысың кімге керек. «Байқұс əйел, бала тап-
қан нан басқа қолынан келері жоқ. Осыдан басқа қайтіп ақша 
табады. Мына Сайын көшесінде қанша əйел тəнін сатып күн 
көріп жүр. Мыңдаған əйел ала қап арқалап белі үзіліп жүр ге-
ні анау. Осының бəріне кім кінəлі? Заман ба, заманды биле-
ген адам ба?» Осындай ойлардан жанын қоярға жер таппай 
бə лен пəшке шылымды тауысты. 
«Мүмкін  мұның  денсаулығы  «құрсақ  ана»  болуға  жара-
май қалар, меселін қайтармай келісім бере салсам ба екен?» – 
дейді тағы бір ішкі ойы. 
«Дəуреннің  мектепке  барғаны  құтты  болсын», – деп 
Шара  келіп  қалды  екі  кештің  ортасында.  Ерлі-зайыптылар 
жеке-жеке  көптен  толғанып  жүрген  мəселені  тал қы лау дың 
сəті түсе кеткені. 
–  Біріншіден  бұл  екеуің  ғана  келісіп  шешетін  мəселе, – 
деп  пациенттерімен  сөйлескендей  бастады  əңгімесін  гине-
колог  достары.  Содан  «құрсақ  ана»  болудың  құпияларын, 
оның екі жаққа да тигізетін əсерін түсіндіріп берді. 
– Мақсұт, сіздің де келгеніңіз жақсы болды. Егер Жария 
біреумен  келісетін  болса  соған  сіздің  рұқсатыңыз  бар  деп 
есептейміз,  екіншіден  екіқабат  жүрген  жағдайда  ешкімнің 
кө ңі лі не бөтен ой келмейді, – деп қояды.
– Ол баланы «аналар» алып кеткенде елге баламыз қай да 
дейміз?
– Бізге бұйырмаған шығар, – деп жұмбақтай саларсыздар.
– Не болса да мен бір ұмтылып көрейін, – деп Жариясы 
қоймайды.
– Мен тізімнен нəтижесінде пəтер алып беруге мүм кін ді гі 
бар  отбасын  іздеп  көрейін.  Өткенде  бір  ерлі-зайыпты  бол-
ған, «құрсақ  ана»  болатын  əйел  зиялы  отбасынан  шыққан, 
өз білімі жоғары, мінезі салмақты, мейірімді болсын», – деп 
талап қойғанда басшымыз «Мүмкін ақ сүйектер отбасынан 


288


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет