Үлкен үйдегі үрей
Шара «ертең кездесесіңдер», – деп телефонмен хабар-
ласты.
Кездесу мекені биресми жерде өтетін болды. Қаладағы
қым бат ресторанның VIP залында. «Не киіп барам», – деп
Жа рия ның мазасы кетті. Шара: «Не кигені несі? Сені жігіт-
пен таныстырғалы жатыр ма едік. Қайта барынша қа ра па-
йым кө рін ге нің дұрыс. Ол кісілер «Бізге бала туатын ана ның
жақсы тəрбиесі болсын», – дегені есіңде ме?» – деп са быр ға
шақырды.
Жария мен Шараны ұзын бойлы, «ақ маңдайлы, аласыз
қара көзі нұр жайнайды» деп ұлы Абай жырға қосқандай
келісті келіншек VIP залда күтіп алды.
Аты да затына сай – Айғаным екен.
Қалың да ұзын бұрымын төбесіне түйіп алыпты. Бала
таппаған соң ба отызды орталаса да құлын мүшесі бұ зыл ма-
ған. Үстіндегі күлгін жібек көйлегі əйелді көктемнің симво-
лындай көрсетеді.
– Айғаным! – деп жымиғанда қос жанарынан шуақ тө гі-
ліп, екі бетінің ұшы шұқырайды.
Əйелдің əсем күлкісінен əлем нұрланғандай ғой, шіркін!
Жария архитектор болуды таңдағанына бір себеп – мек-
тепте оқып жүргенде керемет сурет салатын өнері бар еді.
Сабақ арасында отыра қалып кез келген мұғалімнің, сы нып-
тас та ры ның бейнесін қарындашпен сыза жөнелетін. Жү ре гі-
нің түбінде сурет салуға деген құштарлық жататын. «Жағ да-
йы мыз түзелгенде сурет салумен айналысам», – деген арман
да бар еді.
Айғанымды көргенде оған неге екенін қайдам, ең ал-
дымен суретшінің көзімен қарады. «Қандай көркем əйел.
Тұла бойында бір мін жоқ. Мынау – аузы, мынау – көзі, мы-
нау – мұрны», – деп арнайы сызып жаратқандай. Осындай
хас сұлудың бір перзентке зар болғанын-ай! Өзі дəу лет ті
дейді. Бəрі бар, тек бала жоқ. Бала көтеруге денсаулық жоқ.
Өзі сол барлардың бəрін бір перзенттің жолына құрбан етіп
Сәуле Досжан
291
отыр», – деп ойланып кетті. Шара түртті, «не ойлап кет тің»
дегендей.
Жария есін жиып əңгімелесіп отырған екеуіне құлақ
түрді.
Шара өзінің «қолдан ұрықтандыруын» талдап тү сін ді ріп,
Айғаным əр сөзіне мəн беріп қайталап сұрап отыр екен. Өзі
бұрын да көп сөйлемейтін Жария олардың сөзіне араласа
кетуді орынсыз көріп, үнсіз тыңдай берді. Араласқанда не
дейді. Бəрін жайғастырып жүрген Шара ғой, сол тү сін дір-
сін. Бұл келісті. Енді анау «қалталының əйелі» келіссе бол-
ды. Денсаулығы жараса, аналардың ұрықтары мұның жаты-
рынан шошып, жатсынып түсіп қалмаса бір бала кө те рер.
«Құдай бұйырса дейінші, баланы беретін жалғыз Құдай емес
пе. Жаратқан жалғыз Алла, перзентсіз байқұстардың ті леуін
бере көр!», – деп Айғанымға жаны ашып тілеуін тілей тағы
ойға түсті.
– Жария, сен тағы не ойлап кеттің, – деп енді Шара ашық
ескертуге көшті.
Жария іштей «Шынында, мына басқосу менің тағ ды рым-
ды шешу үшін болып отырған жоқ па, дұрыстап тың да йын-
шы», – деп назарын тағы екеуіне аударды.
Айғаным өз өмірінен біраз əңгіме айтып шықты:
Əкесі үлкен қызметтер істеп, Қазақстанның біраз же рі не
көшіп-қонып, шарлап шығыпты. Соның арқасында талай от-
басылармен көрші болады. Олардың ержеткен ұлдары болса
неге екенін Айғанымға ғашық болады. «Қанша жерде қо ныс
аудардық, сонша жерде көршінің баласы маған ғашық болып
қала берді. Мамам өткенде Тоқтар Серіков айтып жүр ген
«Көршінің қызы» деген əнді естіген сайын өткенімізді еске
алып күліп отырады», – деп жымиып:
Көршінің қызы керемет еді,
Əкесі де оның жақсы адам.
292
Достарыңызбен бөлісу: |