Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет267/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Жарияны  Шара  сүйрелеп  жүріп  дегендей  барлық  тексе-
руден  өткізді.  Медициналық  талаптар  бойынша  ден сау лы-
ғы бала көтеруге жарайды деп анықтамалық қағаз ал ған нан 
кейін Жария күйеуіне телефон арқылы жағдайды мə лім де ді. 
«Мүмкін денсаулығы жарамай қалар, бетін қақпайын», – де-
ген Мақсұттың ойы болмай қалды. Əйелі барлық жағ дай ды 
айтып хабарласқанда аузына түскен алғашқы сөзі: «Жарияш, 
пəтер алу үшін енді күніміз саған қарағаны ма?», – болды. 
Əйелі: «Мақсұт, біреулердің əйелдері шет ел асып сауда жа-
сап үйлерін асырап отыр ғой. Олардың кейбіреуінің кү йеу ле-
рі жұмыс та істемейді. Сен оқысам деп жүрсің, күнің ма ған 
қарап тұрған жоқ. Бітіріп келген соң-ақ біздің жағ да йы мыз-
ды  жасарсың.  Мен  де  қолымнан  келгенін  жасайын», – деп 
қоймады.  Қайраны  қалмаған  Мақсұт  «Жарияш,  сен  бай қа, 
біреуге  бала  тауып  берем  деп  денсаулығыңнан  айырылып, 
өз балаларыңа ие бола алмай қалма», – деп ескерту жасады 
алдымен. Өзіне сүйеніш болып бір іске бел шешіп тұр ған да 
үн де ме ге нім жарамас деп, ертесіне қайтадан телефон шалып 
батасын берді. Содан əйелі аман-есен босанғанша алаң дап, 
жиі хабарласып тұрды. 
 
8
Жарияны медбике əйелдер босанатын креслоға жатқызды.
Оң жағында – жағдайды бақылап Шара тұр. 
Сол жағында – Айғаным. 
Қарсы алдында – гинеколог-дəрігер. 
Бəрінің аузы-басы тұмшаланған. Жылтырап көздері ғана 
көрінеді. Дəрігер ақ резенке қолғап киген қолындағы шпри-
цті көтеріп тұрып:
– Ал, бастадық, іс оң болсын! – деді де еңкейіп өз шаруа-
сымен айналысып кетті. 
Жария  бəрін  сезіп  жатыр...  Кіндігінің  маңайы  ауыр сын-
ған дай болды...


Сәуле Досжан
295
– Ал, осымен сіздің балаңыз старт алды, – деп бір кезде 
дəрігер басын көтеріп Айғанымға қарады.
– Құттықтаймыз! – деді Шара.
Айғанымның айнакөлдей мөлдір жанарынан қос тамшы 
үзіліп түсті...
Жарияны  арбаға  жатқызып  екі  медқызметкер  палатаға 
сүй реп əкелді де төсекке жатқызды. Шара мен Айғаным ере 
келді. 
– Осы сəттен бастап менің бақылауымда боласың, – деп 
күлімсіреді Айғаным. 
Ауруханада  бір  жеті  жатып  шықты.  Содан  бастап  ішіп-
же мін, керекті дəрі-дəрмегін бəрін Айғанымның жүргізушісі 
жеткізіп тұрды. 
Бесінші  апта  дегенде  Шара  келіп  қайтадан  «Экомедке» 
алып кетті. Узи аппаратымен қараған дəрігер қыз:
–  Құттықтаймыз,  балапан  ұясында  жатыр,  бесінші-ал-
тыншы аптада – деп Айғанымды қуантты. 
Жария да қуанып қалды. Үш əйел сонша тырмысып жат-
қан да балапандарының ұясына орнығып, өсе бастағаны дұ-
рыс болды. Құдай бір перзентке зар болған құлдарының ар-
манын қабыл етіп, үмітін жандырғаны шығар...
Сол  жерден  шыққаннан  кейін  Айғаным  Шараны  куəгер 
етіп  алып  нотариусқа  барып  Жариямен  екіжақты  шартқа 
отырды. 
Шарт  бойынша – Жария  дəрігерлердің  барлық  талабын 
орындап, өзін өте сабырлы ұстап, ішіндегі балаға өте ме йі-
рім мен  қарап  аман-есен  босанған  жағдайда  шарананы  еш-
бір  қарсылықсыз  өзінің  биологиялық  ата-анасының  атына 
жаздырып,  бауырына  салуы  керек.  Айғаным – бала  аман-
есен  туыл ған ша  «құрсақ  ананың»  ішіп-жемі  мен  дəрі-дəр-
ме гі мен, дəрігерлік тексерулері, тағы да басқа ден сау лы ғы на 
байланысты  керек-жарағымен  қамтамасыз  етеді.  Бала  дү-
ние ге келгеннен кейін перзетханадан шығарда балаға өз де рі-
нің (əке-шешесінің) аты-жөні жазылған тууы туралы куə лік 


296


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет