Сәуле Досжан 263
Орта кесеге тамақ құйып тұрған келіншектің жүрегі зу ете
түсті. Ожаудағы сорпасы аяғының басына төгілді. «Мама», –
деп шыңғырып жіберді.
Əйеліне арқасын беріп ас столының басында отырған ер-
кек ащы дауыстан орнынан атып тұрды. «Не болды?», – деп
əйелін құшақтай алды. Жария отыра қалып аяғындағы қыс-
қа шұлығын сыпырып жіберді. Оң жақ аяғының сау сақ та-
ры қып-қызыл болып күйіп қалды, ашып барады. Атып тұ-
рып жуынатын бөлмеге ақсаңдай жүгірді. Көзінен жас бұрқ
етті. Оң жақ аяғын шүмектің астына ұстап суық суға тосты.
Ашығаны саппа басылғанымен, кеудесін күйдірген бас қа
бір күйік күллі денесін күйдіріп, ашытып бара жат қан дай.
Дыбыссыз жылап тұр. Көзінің жасы бетін жуып, омырауына
құйылып жатыр...
– Жарияш, не болды? – деп түк түсінбеген еркек аядай
жерге өзінің сыймасын біліп есік аузында кептеліп тұр.
Ары қарап тұрған əйелінің жотасы бүлкілдеп, екі иығы
селкілдейді. Үні жоқ. Жылап жатыр.
– Қой, енді аяғыңа суық тиеді, – деді де бір кезде күйеуі
қайта ас бөлмесіне бұрылды.
Ас бөлме, жуынатын бөлме, жатын бөлме. Біріне бірі
жал ға сып жатыр. Аралары қол созым. Бөлме деп емес, қуыс
деп атаса да болатындай. Осында төрт адамның өмірі өтіп
жатыр. Оның біреуі осыған сыймай əжесінің бауырында
өсіп келеді. Қазақта қуықтай деп аталатын осы қуысты да
қа ла лық əкімшілік қимай отыр. Төрт адамның тағдыры осы
қуыс қа қарап тұр. «Бұл үйді бұзса, шаңырақты ортаға тү сір-
се, біз қайда барамыз?», – деп əйел жаны күйіп жылайды.
Оның аяғының күйігінен жанының күйігі өтіп барады.
Жағдайды айтқызбай-ақ түсінген Мақсұттың да ішіне өрт
түскендей болып, стол басында ішінен тынып отыр...
Келіншек бір кезде жуынатын бөлмеден шықты да жатын
бөлмедегі төсегіне барып қисайды. Жылап бол ғандай. Қа-
быр ға да ғы бір сызыққа қарап қатып қалғандай. Іші əлем-жə-