Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет236/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
ЖАТҚА ТУҒАН БАЛА
Хикаят
Бұл шығарма Қазақстандағы «Экомед» орталығының
негізін қалаушылар Батыр Қаратайұлы Бекмусаев пен
Салтанат Берденқызы Байқошқароваға арналды.
 
Оң жақ бүйірі бүлк ете түсті...
Жария алақанын дəл сол жыбыр ете түскен жерге қойып 
еркелете сипалап, күбірлеп:
– Балапаным, не болды? Бұлай жатқан саған ұнамады ма? 
Жарайды, онда былай аударылайық, – деп сол жағына ау нап 
түсті.
Ай жарығымен бөлменің ішіндегінің бəрі күндізгідей кө-
рі ніп  тұр.  Жанында  ешнəрседен  бейхабар  ұлы  Дəрмен  жа-
тыр.  Бір  кезде  ыстықтады  ма  үстіндегі  көрпесін  теуіп  тас-
тады. 
Жария орнынан ауыр қозғалып тұрып жуынатын бөл ме ге 
беттеді. 
Одан шыққаннан кейін балконға барып түнгі ұйқы құ ша-
ғын да ғы  Алматыға  қарады. «Жұлдыздар  жерге  жа қын дап, 
байланып қалған секілді».
Нəрестесінің  жарық  дүниеге  келер  мезгілі  жа қын да ған 
са йын ана атаулыда болатын қуаныш сезімінен өзгеше бір 
қи мас тық  сезім  жанын  тербейді.  Құрсағындағы  осы  пер-
зентін  босанған  соң  өз  еркімен  жатқа  береді. «Жатқа  туа-
тын  балам!», – деп  екі  алақанын  қарнының  үстіне  қойып 
жы лыт қан дай  ұзақ  тұрды.  Бала  да  анасының  мейірін  сез-
гендей моп-мома қан болып ішінде жатыр. Оған анасының 
ала қа ны ның жылуы теріден өтіп жанын жайландырып жат-
қан дай...


Сәуле Досжан
259
Дəрігердің белгілеген уақыты бойынша келер жетіде бо-
санып қалуы мүмкін. «Кеше сияқты еді осылай болсын деп 
келісімге  келгеніміз.  Уақыт  не  деген  жылдам  тоғыз  ай  өте 
шығыпты-ау. Сені əкетіп бара жатқанда қайтер екенмін», – 
деп əйел ауыр күрсінді. 
Жанарының жасы түнгі Алматының көшесіндегі шамдар-
мен шағылысып жарқырап барып үзіліп түсіп жатты...
 
1
Жария мен Мақсұт бір курста оқыды. 
Сəулет  академиясының  жатақханасында  танысып,  со-
ның маңайында ғана қол ұстасып қыдырып жүріп үй лен ді. 
Жарияны достары Мақсұт тұрған жатақханаға ұзат ты. Оқу 
орнының  профкомы  екеуіне  отбасылық  жа тақ ха на дан  ша-
ғын асханасы бар бір бөлме берді. Бірін-бірі сүйетін екі жас-
қа ол хан сарайындай көрінетін сол кезде. Екі жақ тың аға-
йын-туыстары келсе де сыйып кететін. 
Екеуінің  небір  асқақ  армандары  сол  бөлмеде  дүниеге 
келетін.  Достары  да  сол  арманға  арман  жалғап,  ас  ішетін 
столдарын жазып салып таңды таңға ұластырып сызба сы-
затын. 
Жария тұңғышы Арайына екіқабат кезінде ас үйде жазба 
төсекті жаза салып талай қонып шыққан. Таңертең тө се гін 
жинай шəй əзірлеп күйеуін шақырғалы есігін ашайын десе 
тіреліп қалған үстелден аша алмай тұратын. Ұйқысы қат ты 
Мақсұт үйілген сызбалардың арасында жерде жататын. Со-
дан  Жарияның  түске  жақындағанша  ас  үйде  кітабын  оқып 
отыра беретін кездері көп болатын.
Екінші баласы Дəрмен де сол бөлмеде туылды.
Мақсұт курстастарымен бірге дипломын алып «Қа ла сəу-
лет» деген мекемеге қызметке ілінді. 
Жария  академиялық  демалыста  қос  бөпесін  бауырына 
басып  қатарынан  қалып  қойды.  Күйеуі  аман  болса – пə те-


260


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет