Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет232/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
253
Анвар қатты жапқан есікті баяу ашып Игорь кірді. 
Жəйлап басып жаныма келді де мені басымнан құ шақ тап 
тұрып:
–  Сен  оны  сүйесің  бе? – деп  сұрады.  Орнымнан  тұ рып 
оның көзіне қарап:
– Маған махаббат не керек, сегіз баланы сүйреп жүр ген-
де. Маған сенімен тыныш та тоқ өмір керек, – деп сенімді 
үн мен айттым. Игорь:
– Жаңағы еркек қақпадан еркін кірді де аулада жүрген ма-
ған назар да аудармай үйге тартты. Алдынан шығып үй иесі 
екенімді білдіргім келіп «Сізге кім керек?», – деп едім, «Мен 
өз үйіме келіп тұрмын», – деп мені итергендей болып ішке 
өтіп кетті. Екпінінен мен сенің балаларыңның əкесі екен деп 
ойлап сыртта қалып қойдым», – деп мұңын шақты. Игорь-
дың мəдениеттілігі сондай, ол еркек кім? Неге келді?», – деп 
сұрамады  да,  мен  де  оның  кім  екенін  баяндап  жатпадым. 
Абырой болғанда сол күні үйде ұлдар жоқ еді. 
Келер  көктемде  орталықтан  «Ленинскіде»  егінде  бір-
ге  жүрген  комбайнерді  көрдім.  Амандасып,  өткен-кеткенді 
еске алып біраз сөйлестік. Сол маған Анвардың күзде жү ре гі 
тоқ тап қалғанын естіртті. Соны естігінде ішімнен бір перне 
үзі ліп түскендей əсерде болдым. Үйге келе жатып қи мас тық-
тан ағыл-тегіл жылайын келіп. Ана жолы шынында мен Ан-
варды соңғы рет көрген екенмін...
Бірде кəдімгі өңімдегідей анық түс көрдім. Аян түс деген 
осы болар. 
...Ерік аяқ-қолы байлаулы темір төсекте жатыр. Азып-то-
зып кеткен. Бас жағында тəрелкеде тілім нан тұр. Соған ті лін 
созады, жетпейді. Бір кезде мен бөлмеге кіріп келіп аузына 
əлгі  нанды  берейін  деп  жатып  оянып  кеттім...  Тап  өңім де-
гі дей. «Еріктің  дəм-тұзы  таусылған  ғой», – деп  ойымнан 
шықпай жүрді. Бір күні кенжем Əмина келіп: «Мама бір қаң-
ғы бас «Гуля бар ма?», – деп сені сұрап тұр» дейді, өзі қор-
қып кеткен. Жүгіріп сыртқа шықтым. Қақпаның алдында тү-


254


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет