Сәуле Досжан 249
на жетіп бардым. Сөйтсем бір аптадан бері бір құ быр лар ды
жапсырып-жалғастыра алмай жатқан сварщиктерге ректор
рен жіп жатыр. Мен тірліктерін біраз бақылап тұрдым да,
рек тор ға ұялмай-ақ:
– Менің күйеуім мынаны жарты-ақ күнде мəшинемен
тік кен дей жамап-жапсырып шығар еді, – дедім. Ректор дəу
еркек еді, кішкентай ғана менің саңқ-саңқ етіп айтып тұрған
сөз де рім ді таңырқап тыңдап қалды да:
– Қайда, шақыршы күйеуіңді, – деді.
– Үйде, ертең ерте келейін жұмысқа, – дедім.
– Жоқ, бүгін менің машинама отыр да барып алып кел, –
дегені.
Ұшып үйге келсем, Құдай оңдағанда Ерік Əминамен ау-
лада ағаш кесіп жатыр екен. Жағдайды түсіндіріп, жұ мыс
киімін кигізіп алып жетіп келдім. Ректорды шақырып кел-
ді. Еркектер өздері сөйлессін деп мен өз шаруаммен айна-
лысып кеттім. Кешке қарай Ерік менің сенімімнен шы ғып,
шынында мəшинемен тіккендей етіп құбырларды жапсырып
шығыпты. Ректорымыз риза.
– Мына жігітті дереу жұмысқа алыңдар, – деп қа ра ма ғын-
да ғы лар ға тапсырма берді.
Сонымен екеуміз де институттың маңайына жұмысқа кі-
ріп, отбасымызға құт қонып, балалардың көңілі жадырап
қал ды. Əкесі екеуміздің бірге жүргеніміз əсіресе, қыз да ры ма
ұнай тын сияқты.
Ерік жылжарымдай жап-жақсы жүрді де, қайтадан іш-
кілікке салына бастады. Мамасының үйіне жоғалып ке те-
ді. Ұлдар іздеп тауып əкеліп жұмысқа апарамыз. Ең қиыны
бөтелкелестері үйге келетін болды. Мен жұмыстамын. Қыз-
да рым ғана үйде болған соң, ішіп алған еркектерден қор қа-
ды. Содан Ерік екеуміздің арамызда тағы ұрыс-керіс бастал-
ды. Естері кіргелі ұрыс көрмеген қыздар жылап у-шу бола-
ды. Бірде əбден жалығып: