Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет225/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
келген-кеткені  көз  алдымда  болуы  керек  Жора  ағайлардың 
моншасынан кетуге тура келді. Талғат пен Бақыт ке зек те сіп 
сонда  жұмыстарын  жалғастыра  берді.  Маған  əкем дей  қам-
қор, анамдай мейірімді болған сол бір асыл жандарды қанша 
қи ма сам да жолымыз бөлінді...
Бір күні балаларымды ертіп мама қаздай мамырлап келе 
жатсам алдымнан Ерік кездесе кетті үйге жақындағанда. Ол 
мені қалада деп ойламаса керек,
– Гүлжан! Балалар! – деп таң қалды. Мен де оны кө рем 
демеп едім.
–  Ерік! – деп  қалай  дауыстап  жібергенімді  білмей  қал-
дым. Балаларым маңайыма үйіріліп, бөтен кісіге қарап қал-
ды.  Қанша  айтқанмен  мына  тұрған  осы  бес  баланың  əке сі 
емес пе, қалай үндемейін;
–  Балалар,  мын  кісі  сендердің  əкелерің! – дедім.  Бесеуі 
бірдей балапандай үрпиіп əкелеріне қарады. Мен сонда шын-
дап  байқадым,  бес  қызым  да  көздері  тостағандай,  қастары 
қа лың,  əкелерінен  аумайды  екен.  Таңырқап  қараған  көз қа-
рас та ры да алдарындағы таңырқап тұрған əкенің көз қа ра сы 
сияқты. 
– Менің балаларым! – деді Ерік əрқайсысына кезек-кезек 
қарап. Балалар əкеге шұрқырап ұмтылмады. Қайта маған жа-
быса түсті. Тіпті кенжетай Əмина қолын созып көтер деді. 
Оның өзі бес жасқа келген. 
– Жоқ, бұлар менің балаларым! – дедім бəрін құ шақ тай 
бауырыма басып, өзіне əлі өкпелі екенімді сездіріп. Мен бі-
ле тін Ерік емес пе, үндемей қалды. 
– Сендер қаладасыңдар ма? – деді бір кезде барып.
– Иə, екі – үш жыл болды, осындамыз, – дедім де өз жо-
лыма түстім. Ерік бізге еріп үйге дейін келді үндемеген қал-
пын да. Үйге келіп тұрған соң қалай үндемей кіріп кетейін:
– Міне біздің үй, кір енді, – дедім. 
Алдымыздан Қуаныш шықты. Оны көрген Ерік жездесі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет