Үлкен үйдегі үрей
дап қоямын. Жақсы жандардың маңайына келіп жақсы ой-
лар ойлай бастадық. Моншаның жарығы өшіп қалса да, суы
тоқ тап қалса да, көлік жуатын жақтағы механизмдер тоқтап
қал са да механик Бақыт, оның осы ұмтылысын байқаған
Жора ағамыз дəн риза болатын. Бақыт мектепті бітірерде
Жора ағай онымен сөйлесіп мамандық таңдауына кө мек тес-
ті. Сол жылы Бахамыз қаладағы инженер-техниктер даяр-
лайтын институтқа өз күшімен түсіп кетті. Сондағы ме нің
қуанышымды қалай жеткізейін, тақтадағы тізімнің басында
тұрған біздің фамилямызды көргенде бауырымды құ шақ тап
алып жылай беріппін.
– Шіркін, осыны папам көрмеді ғой, – дей беремін. Біз
анадан өте ерте қалған соң да, қандай жағдайда да алдымен
əкеміз ауызға түсетін. Талғат моншадан босай алмай, алаң-
дап бізді күтіп жүр екен. Бақыт екеуміздің алыстан аң қа лаң-
дап келе жатқанымызды көріп бізге қарай жүгірді. Айтып
үл гер мей-ақ түсінді, үшеуміздің құшағымыз айқаса кетті.
Жора ағай алдымыздан шығып қалды:
– Əй, қазақтар, не болды? – деп бізге жақындады. Талғат:
– Аға, Бақыт оқуға түсті, инженер-механикке, – деп жа-
рылып кетердей болды.
– Міне, нағыз азамат. Енді мен механик іздемейтін бол-
дым ғой, айналайын, – деп Бақыттың басынан сүйіп, қал та-
сы нан əмиянын шығарды да бірнеше көк қағазды санап, ме-
нің қолыма ұстатты,
– Гүлжан, мына сүйінші саған, айналайын. Бəрі се нің ар-
қаң, – дегені. Не аялар анасы, не арқа сүйер əкесі жоқ жетім
балаларды дəл бұлай кім жарылқаған.
– Аға, рақмет. Керегі жоқ, – деп қоямын өзімше.
– Неге керегі жоқ, сендерге жақсылықтың бастауы бол-
сын, – деді ағамыз.
Ағамыздың ауызына Құдай салды ма, сол берген бес жүз
АҚШ доллары біздің сатып алатын үйіміздің басы болды.
Бізді де Құдай өлтірсін бе, сол жылдары еліне көшіп жат-
|