Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет224/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
245
қан орыстың бір үйі бізге бұйырды. Шағын үш бөлмелі үй 
бізге хан сарайындай көрінді. Қаржымыздың көлеміне қа рай 
іздеген үйімізге бірер мың жетпей тұрды. Сонда да жақ сы-
лық тан  үміттеніп  үлкен  кісі  келіп  саудаласса  сатушы  ба ға-
сын түсірер деп Жора ағамызды алып барып көрсеттік. Өзі 
қа тар лы орыс азаматымен ары саудаласты, бері саудаласты, 
то ғыз жетімнің көз жасын сөз етті, «Балалардың маңдай тер-
лерімен  адал  жиған  ақшалары  сізге  де  жақсылық  əкеледі. 
«Ақша қалай келсе, солай кетеді», – деп орыстың атасынан 
қалған мақалды алдына тосты, əйтеуір бағасын түсірді. Үй-
дің  құжатын  сауатты  жасау  үшін  Талғатты  ертіп  жүріп  дұ-
рыс тап берді. 
Біз көшіп кірген күннің ертесіне жаңа қонысымызға «Га-
зел»  келіп  тоқтады.  Ішінен  Жора  ағамыз  бен  Маржан  апа-
йымыз түсті. Біздер үйден бəріміз өріп шықтық. 
–  Талғат,  балалармен  мына  ағашты  түсіріп  алыңдар, – 
деді аға. 
Ағаш дегенге мен қысқа отын екен деп мəн бермей үйге 
кі ріп дастарқан жая бастағанмын. Бір кезде есіктен «былай, 
ары  қарай», – деп  бұйрық  беріп  тұрған  Жора  ағаны  кө ріп 
залдан шықсам, көк түсті жұмсақ жиһазды көтерген ұл дар-
ды көрдім. Əйел деген қызық қой, үйге мүлік кірсе де есі міз 
шығып қуанамыз. 
– Жора аға мынау маған ба? – деппін ұялмай. 
– Саған. Маржан апайың өзі таңдап əкелді, – деді Əке ле-
рі нен көрмеген жақсылықты Жора ағаларынан көріп ме нің 
бес  қызым  мебельден  бұрын  бөлменің  ішіне  кіріп-шы ғып 
аяққа  оратылып  шулап  жүр.  Осындай  жақсы  адам дар дың 
ықыласын түсірген Құдайдан айналып мен шап қы лап жүр-
мін. «Жақсы жерге жатсаң, жақсы түс көресің» – деген тегін 
емес  қой,  жақсы  адамдардың  жанына  келіп  жұмыс  та уып, 
бауырым  оқуға  түсіп,  қаладан  басыма  баспана  болып  мен 
де қатарға қосылдым. Қанша жақын көрсек те үйі міз қа ла-
ның басқа жағынан болғаннан кейін, балалардың мектептен 


246


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет