Үлкен үйдегі үрей
ла дан монша ашып кəсіпкерлікпен айналысып жатыр деп
ес ті дім. Соны тауып алдым, «Ағатай бала-шағаммен қыз ме-
ті ңіз де болам, адал адамдармыз», – деп жатып сеніміне кі-
ріп моншасына жұмысқа тұрдым. Жұмысым күн шық қан нан
моншаның отын жағумен басталып, түннің ортасына де йін
бір тыным жоқ. Өзім – от жағушы, еден жуушы, билет тек-
серуші, сыпыртқы сатушы, кір жуушы. Тек кіру билетін əйе-
лі ешкімге сенбейді, өзі сатады. Еркектер жағына Тал ғат ты
кіргізіп алдым. Бақыт пен тұңғышым Сара қолқанат болып
қалған мектептен келе маған қарай жүгіреді. Үйдегі ұсақ-
тар бірін-бірі бағады. Алғашында моншадан алыстау жерде
пəтер жалдап тұрдық. Менің күздің сабалақ жауынында ары-
бері салпылдап жүргенімді көрген Жора аға ықыласы тү сіп,
бір дүйсенбіде, демалысымызда:
– Гүлжан, арт жақтағы заттар қойып жүрген тамды боса-
тып бала-шағаңмен кіріп ал тазалап, – дегені.
– Маржан апай рұқсат ете ме? – деппін сорлы басым, əйе-
лі нің шайқатылып жүретінінен қорқатынмын. Ағай да қор-
қа тын шығар деп.
– Оның не шаруасы бар, ақшасын санап алғанды біл сін, –
деді.
«Міне, еркек! Əйеліне тек ақша санатып қой-е-е-п, бала-
шағасын өзі бағып, өзі жұмысының мəселесін шешіп отыр.
Мен қатын басыммен бес баланы өзім бағып қаңғып жүр-
ге нім мынау», – деп ойлап аяғым көшенің батпағын шылп-
шылп басып балаларға қарай ұшып келем. Жылап келем...
Сонда да ағайдың «арт жақтағы заттар қойып жүрген тамды
босатып бала-шағаңмен кіріп ал тазалап» дегені қуан тып
қойды.
Көлік жалдау қайда, балалармен жабылып, үш кө ше нің
арасында сабылып жүріп көше бастадық. Жасауымыздың
үл ке ні – баяғы Анвар алып берген телевизор. Оны арбамен
жет кіз дік. Бұрын моншаның темір-терсегі, керек-жарағы
тұр ған бөлменің кеткен сылағын Талғат пен Бақыт сылап,
|