Сәуле Досжан 239
тө сек тес болғансың», – деп кіналауы мүмкін. Өмірін бұзба,
се нің де балаларың бар, кейін солардың басын біреу айнал-
дырып алса қайтесің? – деп маған зіл артқандай болып кете
барды. Тыңдағанға оның анасының байбаламы да орынды.
Ертесі мені алып кетуге келген Анварға жол бойы ше ше сі-
нің келгенін айтып, екеуміздің екі айырылғанымыз дұ рыс-
ты ғын түсіндірумен болдым. «Əниімнің менің жеке махаб-
батымда жұмысы болмасын. Мен саған үйленемін, бес түгіл,
он балаң болса да», – деп ол қоймайды. «Бүгіннен бастап
көр пе-төсегіңді ортақ жатаққа шығарайық, мен саған ренжі-
меймін», – деймін, жолдың ортасына көлікті тоқтатып қо-
йып сүйіп есімді шығарды. Сол күннен бастап «Өмірін бұз-
ба, сенің де балаларың бар», – деген Расила апайдың сөзі құ-
ла ғым нан бір кетпей қойды. «Менің де қаладан далаға сан-
далып көшіп келіп топты еркектің ортасында жүргенім сол
қара қазан, сары қарын балаларымның қамы емес пе. Олар-
дың өмірі бұзылатындай болып жатса мен де кімнің болса
алдына барам ғой. Жалғыз ұлы үшін АНА зұлым Ақсақ Те-
мір дің алдына да барған ғой. Мені қанша сүйсе де Анвар əлі
жиырма беске де толмаған жас жігіт емес пе?!» деген ойлар
санамнан бір кетпей қойды. Анвардың қойнында жатып та
соны ойлайтын болдым.
Анварды қусам да кетпей қойған соң, көктемге қарай
Ра сила апайға:
– Анварға жақсы бір қыз тауып берейік, – деп ұсыныс
айт тым өзім.
Маған ренішті болып жүрген апай қуанып кетті.
– Қайдан табамыз, Анвар көнбесе қайтеміз? – деп есі шы-
ғып кетті. Ол кісі ұлының мен қашсам да қоймай жүргенін
білетін көрінеді.
– Сіз де, мен де қарай жүрейік. Соған лайық-ау деген қыз
көрсек алдымен өзіміз танысып, содан соң оған та ныс ты ра-
йық, – деп шештік.