Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет215/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
лып,  би  ұйымдастырылды.  Жастар  билейді,  үлкендер  қы-
зық тай ды. Жігіттер мені кезек-кезек биге шақырып кештің 
ханшасы  болдым.  Анвар  сол  кеште  жүрек  сырын  білдірді. 
Жасы менен біраз кіші болса да, сөзі мен ісі өзіммен дең гей-
лес болғаннан кейін сол жігітке деген менің жүрегімде де бір 
нəзік сезім ояна бастағандай.
Күйеуімнен бөлек тұрғалы үш жылдан, ажырасқалы жыл-
дан  асқанымен  еркек  атаулыдан  көңілім  қалғаны  сондай, 
олар əйелге тек төсек үшін ғана жақындайтындай кө рі не тін. 
Оның үйіне – қызметші, баласына – күтуші, өзіне – тө сек те 
көңілін  көтеруші  болсаң  ғана  керек  сияқтысың.  Ан вар дың 
əйелге деген көзқарасы мен қарым-қатынасы бас қа ша кө рін-
ді. Ол жұмыстан келе маған көмектеседі. Ал ға шын да оның 
маған көмектескенінен ұялатынмын, кейіннен қай та сонысы 
ұнайтын болды. Анвардың менің маңайымда жүр ге нін бай-
қа ған басқа еркектер əзіл айтып, тиісе кетуін до ғар ды. Екеу-
леп егіншілердің кешкі тамағын береміз. Əң гі ме ле се жү ріп, 
ертеңгі тамақтарының етін турап, көк өні сін əзір  леп қоя мыз. 
«Əңгімелескенде жалықтырмайтын адам дар дың қо сыл ға ны 
дұрыс» дейтін баяғыда бала бақ ша да іс те ген де бір тəр бие ші 
апай қыздарға ақыл айтқанда. Сонысы шын дық екен, Ерік-
пен ерлі-зайыпты болып сырласып, не ба ла лар дың ісін қы-
зық тап  сөйлесіп  те  көрмептік  қой.  Ол  аналарынан  қор қып 
ма ған күндіз жоламауға тырысатын, кейінгі жылдары арақ-
тан ауызы босамай кетті ғой. Əке болып бес ба ла ның біре-
уін қызықтамай-ақ мамасының үйінде қалды ғой. Ал, Анвар 
екеу міз дің  сырымыз  да,  жырымыз  да  таусылмайды.  Күні 
бойы  жұмыстан  бір-бірімізді  сағынып  қаламыз.  Мен  кір 
жусам, ол сығып, жайып береді. Жексенбі күні мені ауыл ға 
ба ла лар ға  апарады.  Тіпті  кейінгі  кездері  өздерінің  үйін де гі 
орыс моншасына балаларым мен мені түсіріп, үйге жет кі зіп 
салатын болды. Моншаны жағып, ішін əзірлеп қоя ды. 
– Алдымен Гуля түседі қыздарымен, – деп өз үйіндегі еш-
кім ді  түсірмейтін  көрінеді.  Біз  жуынып  болғанда  шəйіміз 
əзір тұрады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет