Сәуле Досжан 235
Түске жақын бригадир Женя ағай келді азық-түлігін ар қа-
лап. Мен болған жайды айтып беріп, «Колядан қорқам, сон-
дық тан аспаздықтан кетейін аманымда, менің бес балам мен
үш інімді кім бағады мені өлтіріп кетсе», – дедім. Шынында
«зэк» дегенді естіген соң, «енді мені Коля аман қоймас» деп
ойладым. Бəрін үнсіз тыңдаған бригадир:
– Қайда ол пəле? – деді.
– Жатақта...
Женя ағай басқа сөз айтпай жатаққа тартты. Біраздан ке-
йін қайтып келіп «Сен алаңсыз жұмысыңды істе, оны бас қа
бригадаға ауыстырамыз», – деп маған тиісті тапсырмаларын
беріп машинасына Коляны киім-кешегімен салып алып ке-
тіп қалды. Жанымда Талғат болса да күні бойы қор қы ныш-
та жүрдім. «Ол қатынға еркек керек екенін біліп жүр мін
ғой», – дейтіндей мен еркектерге əйелдік əлсіз мінез көр се-
тіп жүрмеген едім ғой», – деп өзімді-өзім жеймін.
Сол күні болған жағдайды егінші еркектер білді ме, біл-
меді ме ешкім не Коляны сұрамады, не маған біл ген дік те-
рін сездірмеді. Үш-төрт күннен соң қорқынышым басылып,
жүрегім орнына түсіп тірлігімді жалғастырып жүре бер дім.
Байқағаным сол күннен бастап Миша ағай күніне бір-екі рет
əрнені сылтау етіп мен жаққа келіп кетеді. Онысы мені ер-
кектер мазаламасын деп бригадир тапсырған болар деп ой-
ладым. Өзі жас, өзінің басы бос əйелге топты еркектің орта-
сында жүру оңай ма. Сонда да дəл Колядай арсыздық етпесе
де, əзілдегенсіп тиісіп қалатындары бар еді. Ал, Ан вар дың
əзілі, əрбір сөзі менің көңіліме жағып, оны бір жақын ада-
мымдай көріп жүрдім.
Тамыздың тамылжыған бір күнінде менің туған кү нім
болды. Оны естіген Женя ағай тойға ұластырды. Өзі əйе-
лін ерте келіпті дастарқан басында маған серік болсын деп.
Кешке қарай ауылымыздың жастар жетекшісі келді əнші-
күйшілерін ертіп. Қырдың ар жағындағы Марат ағай дың
бри га да сы ның қыздары да келді. Ауламызда концерт қо йы-