Үлкен үйдегі үрей
– Колялар егінге кетті емес пе, – деп Бах жатаққа баруға
ерініп тұр.
– Кел, мына отырғышқа отыршы, түсіндірші, – деп шал
мені қолымнан сүйреп тұрғызып сəкіге отырғызды. Əйтеуір
біреуге шағынармын деп келген басым «зэк» деген сөз ден
қо рық қа ным нан көрген қорлығымды да айта алмадым. Тек
өк сіп-өксіп жылап отырмын. Орындықта қасымда отыр ған
шал қалтасынан дорбасын шығарып газет қиындысына ма-
хорка орай бастады. Бах аяғын балпаң-балпаң басып жа тақ қа
ке тіп барады. «Не болса да көріп келейін» десе керек. Миша
ағай бір темекіні сорып болғанша жылағаным басылды. Ол
кісі маған бұрылып бір кезде:
– Гуля, қызым, айтшы не болғанын, – деді.
– Миша ағай, Коля бүгін жұмысқа бармай тығылып қа-
лып ты, – деп бастаймын балаға ұқсап.
– Иə...
– Ондағы ойы мені зорламақшы екен...
– Қарай гөр, – деп енді шал менің сөзіме ынта қоя бас-
тады.
Мен болған жайды айтып, өзіне қашып жеткенімді есті-
генде орнынан атып тұрып:
– Жүр. Мен оған көрсетейін əлсіз əйелге зорлықты, – деп
қолымнан сүйрей жөнелді.
Біз келсек Коля түк болмағандай шалжиып төсегінде жа-
тыр, бас жағында Бах бірдеңе сұрап мыңғырлап тұр. Мен
шалды ертіп келгенімді көріп басын көтеріп ала көзімен қа-
ра ды. Мені қорқытқан сыңайы.
– Сен неге бүгін жұмысқа шықпағансың? – деді шал.
– Белім шойырылып қалды...
– Содан екен ғой, əйелге қыр көрсетіп жатқаның, – деп
еді, анау денесін көтеріп бізге ұмтылып, көздері шапыраш-
танып.
– Сенің не шаруаң бар, ол қатынға еркек керек екенін бі-
ліп жүрмін ғой, – деді. Оның мына түрінен зəрем ұшқан мен
асхана жаққа безіп жөнелдім.
|