Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет209/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Отызға енді толған кезім ғой. Мен сегіз баланың жайы-
мен  шаршап-шалдығып,  күнкөріс  қамымен  жүргенімді 
егін ші-механизатор  еркектер  қайдан  ойлансын.  Олар  үшін 
əйел дің аты – əйел. Оның үстіне күйеусіз, жап-жас əйел ор-
таларына келді. Біреуі əзілдескісі келіп, екіншісі қамқорсып, 
үшін ші сі əдейілеп тиісіп маза бермейді. Өзім осылар сияқты 
бір еркектен қашып келгенімді қайдан білсін, əйтеуір «еркек 
деген атым бар ғой» дей ме, қырындап үйлерінен қырық қа-
дам шығып кеткен «бойдақтар» өнерлерін маған көрсетеді. 
Кей бі реу ле рі кеш түсе ішіп алып қызу жүреді. Онда мені жа-
ға лап, жақындау келіп қалса жамбасымнан сипап, тіпті құ-
шақ тай алуға ұмтылып əуре-сарсаңға түсіреді. 
Жігіттердің менімен əзіл жарастырғысы келгенімен, біра-
зы  менен  жас.  Солардың  ортасында  Анвар  деген  татар  жі-
гі ті нің  маған  деген  ықыласы  ерекше  болды.  Өзі  менен  то-
ғыз жас кіші. Үйленбеген, таза бойдақ. Аудан мен екі арада 
орыл ған  астықты  тасиды.  Аптасына  бір  рет  ауылға  барып 
əкем мен балаларды көріп, жейтін тамақтарын жеткізіп бе-
ріп  қайтамын.  Сол  кездері  кейде  Анвардың  мəшинесімен 
ба ру ға тура келіп қалады. Соңғы кездері оның мен үйге ба-
ратын  уақытыма  өзінің  уақытын  ыңғайлап  жүретінін  бай-
қап  қалдым.  Анвардың  басқалардан  ерекшелігі – орынсыз 
əзіл деп,  сүйкене  кеткісі  келіп  тұрмайды.  Не  істесе  де  шы-
найы! Сөйлесе – ақ жүрегімен ақтарылып тұрғанын сеземін, 
көмектессе – бар  ықыласымен  қамқорлық  көрсетіп  тұр ға-
нын  сеземін.  Ол  менен  кіші  болғаннан  кейін  қатты  ың ғай-
сыз да нып,  одан  алыстау  жүргім  де  келеді.  Көбіне  өзімнен 
үл кен, əкем қатарлы ағалардың көлігіне мініп, солардан кө-
мек сұрауға тырысып жүрдім. Қанша қашсам да күндердің 
кү нін де  көлігіне  мінуге  тура  келді.  Анвардың  өзі  де  соны 
бай қап жүр екен:
–  Гуля,  енді  қашатын  жерің  жоқ,  бүгін  ауылға  сені  мен 
апарам, – деп күліп, есіктің алдына əзірлеп қойған қоржын-
қо ша ла ғым ды таси бастады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет