Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет205/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Алдында ішіп жүрген болар енем екі көзі ісіп, беті та бақ-
тай болып талаурап келіп тұр. 
– Мама қалайсыздар? – дедім мына сорлының несіне ма-
ған перзентханаға келмеді деп өкпелеймін деген оймен, ке-
ші рім мен барып қолын алғым келіп.
–  Не  болды  тағы  жалбыршаш  па,  сен  не  қоймадың,  не 
қыз ға тоймадың? – деп асылықпен мені жəбірледі. Мен де 
қа шан ғы шыдайын:
–  Не  болыпты,  қыз  жаман  болса  сіз  екеуміз  туылмас 
едік, – дедім аузыма алғаш келгенін айта салдым.
– Əй, саған тіл шығайын депті ғой, – деп аларып қарады. 
Екі шешелерінің сөзге келісіп қалғанынан қыздарым үр-
пиі сіп қалды. 
–  Биыл  бізге  отын  мен  көмірден  қарасыңыз,  Ерікті  бі-
ле  сіз, – деп қыстың жағдайын да айтып үлгердім. Сол кез де 
кішкентай жылай бастады, енем сазарған қалпы шығып кетті. 
Сол жылғыдай өмірімде ұзақ қыс болмаған шығар. 
Мені қалжалату қайда, енем ағаш пен көмірін бөлісуге де 
жарамады. Өлместің күнін кешіп – төрт баламен бауырым-
ды жылытып, қара шəймен нəрестеге кеудемнен сүт шы ға-
рып қыстан шықтық. Маған жоласа, бала табады деп қо рық-
ты ма, Ерікті шешесі менің үйіме қарай бастырмай қой ды. 
Қашан көрсем басы былғаңдап жүретін болған соң содан бір 
көмек болады деуді ұмыттым. Онымен көрші сияқтымыз...
* * *
Күзге  қарай  тəтемнің  жылын  өткерген  соң,  əкемді  ұл-
дар мен  көшіріп  алдым.  Əкемнің  зейнетақысы  нан-шəйға 
жарайды.  Ұлдар  отын-суға  жарап  қалыпты.  Сонда  да  сегіз 
бала мен екі ересек адамның ішім-жемі мен күнделікті кере-
гі оңай ма? Əпкенің рөлі деген қандай қиын, жауапкершілігі 
же тім  балалар  үшін  анасынан  кем  болмау  керегін  ұқтым. 
Оның үстіне есігінің алдында отырғанымызды міндетси ме, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет