Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет203/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
«Бір айдан асты ең болмаса телефонмен мен түгілі ба ла-
лар дың жағдайын да білмеді, тумаса да шешем емес пе, со-
ған көңіл білдірмеді», – деп өкпем қарақазандай болып орал-
сам, мұндағылардың өкпесі түгіл жүрегі қара тастай қа тып 
отыр екен. Дəу əжеміз қайтыс болыпты... 
Енем қақпадан кіріп келе жатқан мені көргеннен жыр ды 
бастап жіберді.
–  Күйеуіңнің  үйінен  əжесі  өліп  жатқанда,  қайдағы  бір 
өгейшешені  сылтау  етіп  барып  жатып  алдың.  Келмей-ақ 
қой ма дың  ба,  баламды  əйелсіз  қалар  деп  келдің  бе? – дей 
ма-ау, əйтеуір біразға дейін тоқтай алмады. Ерік бізді кө ріп 
қуа нып қалды, балаларға ұмтылып:
– Қыздарым менің, – дей бастап еді, шешесі:
–  Немене  сонша  жалбыршаштарыңды  сағынып  қалдың 
ба, басыңа осылар ма көк тас қоятын, – деп жұлынды. 
Анасынан бата алмады ма Ерік басы салбырап үлкен үйге 
кіріп кетті. Мен балапанын ерткен мама қаздай өзімнің жаз-
дық үйіме қарай мамырладым. Қанша айтқанмен əкесі емес 
пе, кешке қарай балмұздағын алып Ерік келді балаларына – 
үйі рі не қосылған атақаздай.
Сол жылы үйіміз суық болып қыстан əрең шықтық. Отын-
суымызды  даярлайтын  əкелері  ішіп  жүрген  соң,  үлкен  екі 
қы зым көшеден қолдарына түскен тақтай, ағаш көрсе үйге 
тасиды. Жолдың жиегінде жатқан бөтелкені де қалтамызға 
сала қоямыз. Балаларға беретін азғантай жəрдемақы бар əй-
те уір күн көріп жүрдік. Таң азаннан енемнің үлкен үйіне от 
жа ғып,  жуып-тазалап  беремін.  Күнара  тамағын  да  пі сі рем. 
Ара-арасында пияз, картобынан, ет-күрішінен ұрлап алатын 
да болдым. Ерік көбінде сол үйде. Ішпеген, есі бар күні біз ге 
келеді. Онда да мені мазалау үшін. 
Сөйтіп қыстан «өлмеген құлға келді жаз», – деп шық қан-
да, тағы екіқабат екенімді сездім. «Бұл не пəле, еркек жолап 
кетсе екіқабат болам, түрім мынау – аш-арық, енді бе сін ші 
баланы  қалай  бағамын.  Алдырып  тастасам  ба  екен», – деп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет