Сәуле Досжан
221
атаның үйіне жетіп жығылсам болды деп армандадым. Ма-
ңай да содан жақын үй жоқ еді. Қайта енем бар дауысымен
боқ тап, артымнан айқайлап қуып келеді. Аяғым жалаңаяқ
еді, табанымнан көктемгі суық өтіп барады. Осынау сұм-
дық тан шошыған ішімдегі балам да бүрісіп қалғандай, бір
бү йі рім ді қап-қатты етіп ауырып келеді. Шашымды осы үйге
кел ге лі бері қысқартуға да жағдайым жоқ, өсіп кеткен. Сол
жалбырап, халатым желбіреп, жалаңаяқ-жалаңбас шайтанға
ұқ сап Мақсұт атаның үйінің есігін аша сала алқынып кі ріп
бардым. Мына түрімнен шошып кеткен болса керек, кем пі рі:
– Біссімілла, Гүлжантай, сен ба шырағым? – деп отыр ған
орнынан атып тұрып құшақтай алды. Ата төрдің алдында
отыр екен, маған таңырқап қарап қалды.
– Ата, апа мені өлтіреді, – деп жылап жібергенше, енем
де кіріп келді.
– Қашатын жерді тапқан екенсің, ауылбайлар бір-бі рің ді
тауыпсыңдар, – деп, тағы басқа орысша жаман сөздер қо сып
ұр сып жатты. Кемпірді құшақтаған қалпымда есімнен танып
кеттім...
...Есімді жиғанда ауруханада жатыр едім. Қайсыбірін ай-
та йын бойымдағымды тастап қойдым, еркек бала екен. Соны
естігенде ішім өртеніп, Ерікке деген жүрегімде бір тас қатып
қалғандай болдым. «Мамам мен əжем ұл бала еке нін естіп
жылады», – деді мен ауруханадан шыққанда өзін ше көңіл
біл дір ген күйеуім. Мені қуалап жүріп баламды тас тат тыр-
ға ны на енем кешірім де сұрамады. Егер ол ұл болмаса мен
адам емес сияқтымын. Енді Ерік «ұлымнан айырылдым», –
деп аңырап, айлап ішті.
Есіктің алдында жаздық үй болушы еді, соны ала жаз-
дай үлкен інім Талғатты шақырып алып жөндетіп, пеш
құр ғыз дыр дым. Енелерімнен көңілім қалғаны сондай, сол
үйге тəтем жасап берген жасауымды алып бөлініп шықтым.
Ерік ке үндемедім, «сен не істеп жүрсің?», – деп сұраған бай
болса айтар едім ғой, сол баяғы қалпы «мылқау». Екі үйдің
222
Достарыңызбен бөлісу: |