Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет197/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
ғы ағарып тəтем-анам шығарып салып тұрды. Əйелдің орны 
бөлек  екен-ау,  қарашы  бесеуі  қалай  жарасып  тұр,  Қуа ныш 
тə тем нің етегіне оралып алыпты. Осы көрініске көңілім то-
лып, алдағы өміріме асығып жолда кетіп бара жаттым. 
«Алдымызға  келсе  күтіп  аламыз», – деген  əкемнің  қия-
лы болмады, Еріктің шешелері «Той өткіземіз, сонда келген-
де  танысамыз», – деп  орысшалау  үйлену  тойын  өт кі зу ге 
əзірленді.  Амалым  жоқ,  ауылға  жеделхатпен  «Той  бəлен 
күні, бəлен мекен-жайда», – деп қана жөнелттік. Қарсы бол-
ған да мені ұғатын кім бар, жыладым да қойдым. Менің не-
менеге жылағанымды түсінетін Ерік пе, оның ойынша «той 
болады, əкесі келеді сонда танысамыз», – деп жүр. 
Қайта  əкем  дер  кезінде  түтінін  түзетіп  алған  еді,  ме нің 
тойыма тəтем мен Қуанышты алып əп-əдемі болып кел ге нін 
айт саң шы! Əйел деген еркектің қабырғасынан жаралған де-
ген бар ғой, сол рас шығар. Тəтем тіпті əкеме көрпе-жас тық, 
ыдыс-аяқ арқалатып келіпті. «Жатын бөлмесінің мебелі» деп 
əжеп тə уір ақша да берді түйіншекпен. Анасыз жетім қыз дай 
емес, жасау-жабдықты, жап-жақсы қалыңдық болып Ерік тің 
ша ңы ра ғы на келін болып түстім.
«Мен де ортақ болатын болдым» деп қуанған Еріктің ана-
лары қазақша киіндіріп қойған орыстың кемпірлері сияқ ты 
көрінді  маған.  Таза  орысша  сөйлейді,  шошқаның  майына 
картоп қуырып, арақ ішіп, темекі шегетін кісілер. Тойда əкем 
мен тəтемді құдалар жағы араққа зорлап, тіпті əкем нің өзі-
не ұнамады ол қылықтары. Кетерде «Балам, мыналар арақ қа 
əуес екен, байқарсың, күйеуің ішіп кетпесін», – деген ескер-
ту де айтып қалды. Қанша əйелсіз жүріп төрт баланы жал-
ғыз бақса да менің байқұс əкемнің үйге мас болып кел ге нін 
көрген емеспіз.
Менің  «күтуші»  болып  жұмыс  істегенім  енелеріме  ұна-
мады. 
– Күтуші деген немене, тəрбиеші болмаған соң, күту ке-
рек  болса  бізді-ақ  күт,  сонау  орталыққа  таңерең  кетіп,  қа-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет