Үлкен үйдегі үрей
мой ны на галстук тағып алыпты. Бір-бірімізге қарама-қар сы
қа рап отырмыз. Үндемейміз... «Не əңгіме айтар екен», – деп
ойлап қоямын, бірақ сұрамаймын. Даяшы келді. Ерік:
– Сен қалағаныңа тапсырыс бер, – деді.
– Жоқ, өзің бер, маған бəрібір, – деймін.
Қайталап ештеңе сұрамай, өзі тапсырыс берді. Даяшы
та ғам дар ды алып келгенше тағы үнсіздік басталды. Тамақ
келгенде:
– Тамақтансаңшы, кешкі ас уақыты ғой, – деді.
– Асың дəмді болсын! – деп қасығымды қолға алдым.
– Өзіңе де! – деді де ол ыдыстағы наннан бастады. Үн-
де мей тамақтанып отырмыз, анда-санда көзі күлімдеп ма-
ған қарап қояды. «Не əңгіме айтар екен», – деп ойлап та ма-
ғым ды əрең ішіп отырмын. Залда екеумізден басқа жан жоқ.
Əл де бір əуен баяу ойнап тұр. Даяшылар да көрінбейді. Бір
кезде барып Ерік:
– Гүлжан, – деді де үндемей қалды қайта. Елең еткен
мен оған қадалып қалыппын. Мені қашанда «Гуля» дейтін.
Атым ның «Гүлжан екенін қайдан біледі», – деп ойладым,
осы балабақшаға келгелі менің өз атымды атаған адам ес-
ті ме дім. Тек құжатта ғана «Гүлжан» деп тұрғандай, мүм кін
ал ғаш танысқанда өзім айтып қойдым ба кім білген.
– Гүлжан, маған күйеуге шықшы! – деді бір кезде барып
жалынып тұрғандай үнмен. Ол орыс тілді жігіт қой, мен
оның айтқанын ана тілімізге аударғанда осылай болады. Сол
за ман ның ағымы ма, біздің аймақта бəрі орысша сөйлейтін,
сон дық тан олардың орысша ойлайтыны да белгілі ғой. Мен
бі ле тін дер дің бəрі мектепте орысша оқиды, жұмыста орыс-
ша араласады. Отбасыларында да орыс тілінде сөйлейді.
«Неге біз ана тілімізде сөйлемейміз?», – деп қарсылық біл-
діреген бір ұлттың азаматын көрмедім. Ауылдық жерлерде
біз сияқты үйлерінде қазақша сөйлесетіндер бар шығар,
оның өзі тек қариялары бар отбасыларында ғана шығар. Ана
тілімізде сөйлемегендіктен шығар біздің мектепте сабақ айт-
|