Сәуле Досжан 213
ай ту дың, не ішке кіріп кетудің жөнін білмей, тапа-тал түсте,
жұ мыс орнымда жігіттің гүлін алып тұрмын. Есімді жиып:
– Рақмет! – дедім де ішке кіріп кеттім. Есіктен ене сала
есік тұтқасын ұстап, жабысып, қозғалмай тұрмын. Есіктің
сырт жағында жігіттің кетіп бара жатқан аяқ дыбысы естіл-
мейді. Ол да жүрегі тарсылдап есікке жабысып тұрғандай...
Содан кейін Ерік маған анда-санда жұмыс аяғында келіп
сыртта күтіп жүреді. Мен асығып жетіп келгенде қо лым нан
ұстап, бетімнен сүйеді. Сонда қай кезде келсе де мені ша рап-
тың жеңіл исі шарпып өтетін. Сəл тіксініп қалғаныммен оны
жақсы көретінім сондай, «Неге ішіп келесің?», – деп ауыз
аша алмайтынмын. Не ол менен бірнəрсе сұрамайды, не мен
одан бір сөз ала алмаймын, үндемей, қол ұстасып қы ды рып,
мені пəтеріме əкеліп салатын. Кетерде тағы бетімнен ғана
сү йе ді. Киноларда көргендей сүйісуге ол менен ұя ла ды, мен
одан ұяламын.
Күздің бір күнінде екеуміз қалалық бақта қыдырып жүр-
ген біз. Нағыз ақындар жырлайтын алтын күз. Ұясына ба ту ға
асығып бара жатқан күн бізге жапырағы сиреген ағаш тар-
дың бұтақтарының арасынан сығалап қарайды... Қы зыл са ры
жапырақтар аяқтың астында кілемше жайылып жатыр. Ан-
да-санда ағаш басынан бір жапырақ үзіліп түсіп екеу міз дің
аяғымызға келіп құлайды. Бақтың ішінде адам аз. Екеу міз
ғана қол ұстасып жүрміз. Өзі сөйлемейтін жігіт тіп ті үн де-
мей қалған. Мен не дейін, қолынан ұстап келе жатырмын.
Үс тін де гі қоңыр плащының алдын ашып қойған. Ұзын бой-
лы, осындай көркем жігіттің жанында келе жат қа ным ның өзі
кө ңі лім ді қуантады... Парктің ортасында кафе бар еді, соған
жа қын да ға ны мызда Ерік:
– Мында кірейік, əңгіме бар, – деді.
Кафенің ішінде адам жоқ. Тып-тыныш. Терезенің ал дын-
да ғы бір орынға жайғастық. Сырт киімдерімізді шешіп жа-
ны мыз да ғы орындыққа қойып қойдық. Мен білгелі қа шан да
свитер киіп жүретін Ерік бүгін əдемі киініп, ақ көйлек киіп,