Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет189/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Гүл жан тəте!», – дегені қандай тəтті. Тілі балдай бүл дір шін-
дер дің қылығы қандай! Күн аптаға, апта айға қа лай ауысып 
жатқанын білмеймін. 
Балабақшадағы тəрбиешілер де, асханасындағы аспаз дар 
да туғанымдай көрінеді. Бəрін мен жақсы көремін, олар да 
мені сіңлілеріндей сыйлайды. Тіпті бізде бірен-саран ер аза-
маттар да істейтін. Олар келіп-кетіп техникалық құ рал-жаб-
дық тар ды  тексеріп,  су  құбырларын  жөндеп  беріп  тұ ра ды. 
Кө бі сі орыстар. Олар да менімен танысып алғалы əзіл де се 
кететін болған. Солардың арасында анда-санда бір ша қыр ту-
мен келіп қалатын қазақ сантехник жігіт болды. Аты – Ерік. 
Ұзын  бойлы,  көрікті  азамат.  Сайран  деген  тəрбиеші  келін-
шек бір күні шəй үстінде:
– Осы Ерік оқымай қалған-ау, əйтпесе киноға түсетін жі-
гіт қой. Қазақтан сантехник болған соны көрдім, сантехник 
деген  орыс  болушы  еді, – дегелі  мен  де  Ерік  келгенде  на-
зар  аударып  қарайтын  болып  алдым.  Оның  жуастығы  сон-
дай,  сөйлеуге  ұялады.  Ерікті  көрсе  болды  біздегі  жас  қыз-
келіншектер əзілдей сөйлеп ұялғанын қызықтайтын. 
– Ерік, қолымыз тимей жатыр бізге торт əкеліп берші, – 
деп Ғайша деген келіншек ақша беріп жұмсайтын. 
– Жақсы, жақсы, – деп Ерігіміз үлкен тортты алып келіп 
тұратын. Ақшасын берсе:
–  Керегі  жоқ,  сіздерге  мереке  болсын! – деп  столға  қоя 
сала кетіп бара жатады.
– Құры торт əкеліпсің ғой, жүз грамы қайда? – деп Ғай ша 
қойматын. Ерік ұялып қашқандай болып есікті жауып ке тіп 
қалатын. 
Ол кездері адамдар арақ-шарап ішкенге құмарлау еді ғой. 
Не нəрсе сатып алса да жуылып, туған күн деген атаусыз өт-
пей тін. Бақшаның ішінде арақ ішпегенімен біздікілер де əр-
нəр се ле рін үйлеріне жиылып атап, ең болмағанда ас ха на лар-
ға барып жуып жататын. Той-томалақта қызып алған бі реу 
төбелес шығармаса, ол той қызық өтпеген деп есеп те ле тін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет