Үлкен үйдегі үрей
ғы за қойсын. Тағы қандай қорқаудың қолына түсіп қа ла мын
деген қорқыныш та бар көңіл түпкірінде. «Анам бол ған да
осылай басым ауған жақта жүрер ма едім, мен де мектепте
сабақты үлгеріп оқып, ең болмағанда техникумға түсіп оқып
жүрер едім. Əкем мен үш жетімектің түрі анау, аштылы-
тоқтылы. Кірден көздері ашылмай, не ыстық тамақ іш пей».
«Жақын қарындасы əкеліп тапсырып кеткенде, нəп сі сін
тоқтата алмай мына кісінің істеп отырғаны мынау, бас қа не
істемейді. Зорлап та кететін шығар», – деп жылап та алдым.
Ұйықтап кетіппін, тықырдан ояндым. Алакөлеңке үй дің іші-
не Толғанай кіріп келеді. Басымды көтеріп отырдым.
– Сен жұмыстан келіп қойғансың ба? – деп ол та ңыр қа ды.
Мен күнде кештеу келуші едім.
– Мен жұмыстан шығып келдім, – деп турасын айттым.
– Неге? – деп шошып кетті.
– Қыздар келгенше, саған жасырмай айтып берейін, туы-
сың ғой, – дедім де алғаш танысқаннан бергі ағасының көз
салып жүргенін айтып бердім.
– Марат аға қандай ұятсыз, екі баласы, əдемі əйелі бар.
Аты – Айғаным. Өзі осында дəу бастықтың қызы. Марат аға
көп ағайынды, əкелері ерте өліп, қиындықпен өскен. Апа-
мыз дың немере інісі. Біздің үйде жүріп өскен. Тұрсынай сені
əке ліп отырғаннан кейін саған тиіскені тіпті ұятсыздық екен.
Ке тіп қалғаның дұрыс болыпты, – деп мені аяп, шəй жасап,
екеу міз отырып тамақтандық.
– Енді баратын жерің де жоқ, осында тұра бер, жұмыс із-
дейік, – деп маған естиярлық танытты.
Ертесі таңертең Дəмелі апай:
– Əлгі Марат сенің жұмыстан кетіп қалғаныңды естіп
мені шақырып алып, сені тауып, алып кел, қалаған жеріне
жұ мыс қа тұрғызамын, – деп жіберді деп келіп тұр.
– Мені таппадым де, ауылына қайтып кетіпті деп айт. Қа-
ла ған жеріме тұратындай, менің оқыған оқуым бар ма екен,
|