Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет188/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
209
оған ашына болып Шолпанға ұқсап жүре алмаймын, – деп 
қай та рып жібердім.
Содан бастап күнде мектептерге, бала бақшаларға, ау ру-
ха на лар ға барып өзіме ыңғайлы жұмыс сұрап жүрдім. Рес-
торан  мен  кафелерден  даяшылық  шығатын  көрінеді,  бірақ 
оған жолағым жоқ. Тағы бір бастықтың көзіне түсіп қалып 
жүр сем деп қорықтым.
Жер  бетін  қайырымсыз  адамдар  ғана  жаулап  алған  жоқ 
қой, аяғымнан тозып жұмыс іздеп жүргенде бір ба ла бақ ша-
дан  күтушілік  орын  шықты.  Меңгерушісі – На ғи ма  Жүр-
ге нов на  деген  жүзі  жылы,  байыпты  кісі  екен.  Өзіне  бірден 
кі ріп барып тілдескенмін. Менімен асықпай сұрастыра оты-
рып сөйлесті де:
– Саған күтушілікті дұрыс көріп отырмын. Арнайы бі лі-
мің жоқ. Еден жуушылыққа тым жас екенсің. Сенен жақ сы 
бала  күтушісі  шығады  деп  сеніп,  жақында  декреттік  дем-
алыс қа кеткен бір қыздың орнына алайын, – деп бір тəр бие-
ші ні шақырып алып, мені таныстырып, жұмысымды көр сет 
деп жіберді.
Қаланың  қақ  ортасындағы  балабақшаға  орналасу  ма ған 
сондай бақыт болып көрінді. Толғанайға рақметімді айтып, 
жұ мы сы ма жақын жерден пəтер тауып алдым. Онда өзі міз-
бен  бірге  істейтін  тəрбиеші  қыздармен  тұратын  болдым. 
Жатын орнымыздың қаржысы балабақшаның есебінен тө ле-
не ді. Мен үшін ең негізгісі жатын орнымның тегін бол ға ны 
болды. Тамақты болса да балалармен бірге ішетінбіз.
Маған 3–5 жастағы  сəбилер  тобы  берілді.  Жұмыс  істеп 
емес,  өзімнің  бауырларыма  қарап  жүргендей,  нағыз  өз  ор-
тама  түскенімді  сезіндім.  Балаларға  бар  ықыласыммен  қа-
рай мын,  олар  да  балапандардай  шүпірлеп  артымнан  еріп 
жү ре ді. Бірге ойнаймыз, бірге тамақтанамыз, бірге əр нəр се ні 
үйре не міз. Кешке қарай ата-аналары келгенде ертеңге де йін 
қимай қоштасамыз. Сенбі-жексенбіні өткізе алмаймын. Дүй-
сен бі күні балалармен сағынып табысамыз. «Гүл жан тəте!, 


210


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет