Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет184/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Иə, Марат Жангалиевич, біз бірінші қабаттағы бөл ме де 
жатамыз, – деді.
– Онда сен бара бер. Гуля менің қарындасым, соған айта-
тын бір мəселе бар, – дегені. Менің зəрем ұшты. Елена Алек-
сеевна иығын қысты да:
– Жақсы. Қайырылы түн! Гуля, біздікі 113 бөлме, – деп 
кете барды. 
Мен  не  істерімді  білмей,  шалғышымның  жиегін  тістеп 
есік алдында тұрып қалдым. 
–  Гүлжан,  былай  шығып  отыр! – деп  диванды  көрсетіп 
бұ йыр ды бастығым. Аяғымды санап басып диванға жа қын-
да дым.  Көз  қиығыммен  байқап  тұрмын,  ана  кісі  стол  ше-
тін де  қалған  ішімдіктің  біреуін  ашып,  екі  фужерге  құй ды. 
Қызыл шарап екен. Мен төмен қарап, отырмын. «Не айтар 
екен», – деген ойдамын. Əлгі екі фужерін қолына ұс тап ма-
ған жақындады.
– Жасың нешеде? – деді алдымен.
– Он сегізге толамын.
– Бой жетіп қалыпсың ғой. Мектепті қашан бітірдің?
– Былтыр...
– Содан бері оқуға түспедің бе?
– Жоқ...
– Қаласаң алдағы жазда түсірейін...
Үндемедім.
– Кел, сенің бүгінгі мерекең үшін алып қояйық! – деп ма-
ған фужерді ұсынды. Қолымды соза қоймағаннан кейін:
– Ұстасаңшы, не əлі шарап ішіп көрмегенбісің? – деп сұ-
рады.
Фужерді алдым да басымды шайқадым.
– Немене, тіліңді жұтып қойдың ба? Шешсеңші мына ал-
жап қы шың ды, – деп кеудемнен тартты. 
– Былай ашылып отырсаңшы, жігітпен сөйлесіп көр ме-
дің бе?
Үндемедім. «Жігіттің түрін, месқарын», – деп ойладым.


Сәуле Досжан
205
– Гүлжан, мерекең құтты болсын! Биылғы мерекені біз дің 
ортамызда қарсы алып жатырсың, жылда осылай бірге қар-
сы алайық. Сені оқытып, сүйеу болып, аға болып жү ре йін, 
қарсы емессің бе? – деп қолымнан ұстады. Тартып алдым.
– Ойбай, өзің тентексің ғой! – деп күлді. Күлкісі қан дай 
сүйкімсіз, көзі жалпиған беттен көрінбей кетті. Сол күл ген 
қалпымен есікке барды да ішінен кілттей салды. 
– Кілттемеңіз, менің кетуім керек, – дедім өзімше тү сім ді 
суытып.
–  Қайда  кетесің,  алтыным  менің,  сен  үшін  мен  бү гін 
осында жалғыз келдім ғой, – деп жаныма жақындап келеді. 
Ше гі ніп кеттім.
– Сен əлі жастықпен мынандай əдемілікті қалай пайдала-
нуды білмейсің ғой, – деп құшақтайын деп келеді. Ырс-ырс 
етіп бетін тақады,
–  Қандай  тазасың,  қандай  пəксің.  Қаланың  қыздарында 
мұн дай тазалық қалмады ғой, – деп құшақтай бергенде се кі-
ріп диванға шығып кеттім.
– Асауым менің! – деп тағы құшағын жайғанда жан-жа-
ғы ма қарап едім, стол үстінде асханалық пышақ жатыр екен. 
Соны алып қорқытып есікті аштырайын деген оймен стол ға 
қарай бұрылып жерге секіріп түстім де, асқан жыл дам дық-
пен пышақты ала қойдым. Ол мұндайды күтпесе керек:
– Гүлжан, қой, ақымақ болма, пышақ – суық қару, бай қа-
ма саң біреуміз жазым боламыз, – деп шошып қалды.
– Ендеше, есікті ашып, мені шығарып жіберіңіз, – дедім. 
Қо лым пышақтың ағаш сабына қатып қалған. Қатты тістеніп 
ал ға ным сондай сөздерді аузымды əрең ашып айт қа ным ды 
білем. 
– Мен саған не жамандық істедім, саған қамқор аға бо-
лайын дегеннен басқа, – деп мені алдай бастады. Бірақ есік ті 
ашуға беттемеді.
– Мына өмірде бір жақсылыққа жету үшін, бір сү йе ніш 
керек, əне, Шолпандар сүйеніш болыңызшы деп маған жар-


206


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет