Сәуле Досжан 201
4 Мерекеге жақындап қалғанда зал меңгерушісі ас ха на да-
ғы лар ды жинап алып жиылыс өткізді. Айтуынша əйел дер
мерекесі құрметіне біздің құрылыс компаниясы қа ла лық үз-
дік құрылысшы əйелдерге қаланың сыртында бір демалыс
орнында кеш өткізіп береді. Соған біздің асханадағылар
көш пе лі дастарқан апарады екен. Ол отырысқа Шолпан кел-
меген, сондықтан қызмет жасаушылардың тізіміне мен де
ілі ніп қалдым. Дəмелі апай қуанды:
– Жақсы болды, екеуміз бірге баратын болдық, Шолпан
болғанда ана Жангаличі жүретін жерге сені өлсе жібер-
мес еді – деп. Мен де «елден қалмай жер көріп келем» деп
қуандым.
Белгіленген күні алдын ала əзірленген ас-ау қат та ры мыз-
ды көлікке тиеп жолға шықтық. Біздің асханадан екі-үш-ақ
адам, зал меңгерушісі маған жүрер алдында:
– Сен даяшы болып көріп па едің? – деді.
– Иə, өткенде кіші залдың қонақтарын күтіскемін, – дедім.
– Онда жақсы болды, Бас даяшымен бірге қонақ кү те-
сің, – деді де алыстау тұрған Дəмеліге:
– Дəмеш, мына сұлуыңды бүгінше бере тұр, саған картоп
аршығанға жүргізуші де жарайды, – деп күлді.
Сонымен ең қəдірлі меймандарды күтетін ортаға түстім
де кеттім. Қаладан алыс орманның ішінде үш қабатты əсем
ғи ма рат та əйелдерге арналған кешке əзірлік жасап жат тық.
Бі рін ші қабаттағы салтанат залын барынша əсемдеп, гүл-
мен безендеріп жатырмыз. Зал меңгерушісі маған да əдемі
ал жап қыш, басыма ақ қалпақ кигізіп қойды. «Қызға ұқсап
боянып алсаңшы», – деген соң жұқа ғана боянып алдым.
Салтанатты кешке келген əйелдер бірінен бірі əдемі, құ-
ры лыс шы лар-ау деп тіпті ойламайсыз. Қыздардан қа лыс пай
көркемделген еркектер де келіп жатты.