Үлкен үйдегі үрей
та бал ды рық тан тапжылмай қойсын. Əкем қолынан сүй ре-
ген дей етіп, ортада тұрған үстелдің басындағы орын дық қа
отырғызды. Біз болсақ үндемей, əлі төрт жерден со ған қа да-
лып қалыптық. Неге екенін қайдам, ең болмаса, естияр мен
«ке лі ңіз» демеппін.
– Балалар, сендерге не болды, амандассаңдаршы кісіге, –
деді бір кезде əкем.
Əрқайсымыз сəлемдескен ниет білдіріп, ауыз жы быр лат-
тық. Құдай-ау, маған не жоқ, ең болмаса: «Сəлеметсіз бе,
тəте», – деп ашық-жарқындық танытпадым ба. Өзім емес пе
едім, əкеме үйлен деген, енді келіп анамды осы əйел өл тір-
ген дей, інілеріме қосылып, тымырайып алдым.
– Қане, үстелге жақындаңдар, танысайық, – деді мына
суықтықтан шошыған əкем.
Біз жан-жақтан жыбырлап келіп, бір-бір орындық алып
отыра бастадық. Бəріміз жайғасқанда əкем:
– Балалар, бұл тəтелерің – Априза болады – деп танысты-
рып келе жатыр еді, ана əйел жұлып алғандай:
– Аф-ри-за, – деп түзетті.
Бала болсам да байқадым, өзі жұлынып тұр, оны не біз дің
осынша жұпыны тіршілігіміз шошытып тұр, не ба ла лар дың
үдірейісе үрейлене қарасы шошытып тұр, əкем нің са уат сыз-
ды ғы да ұнап тұрған жоқ.
– Иə! – деді де қойды əкем.
Қайталап əдемілеп «Аф-ри-за» – деп айта алмай қалды,
сауаты шамалы адам ғой, мынандай əсем есімді мəнерімен
қай та лай алмаған шығар. Не болмаса, əйелдің атын жұ лы-
нып қайталағанынан қысылып қалды ма. Сол жағдайын бай-
қа ған мен, енді ес жинағандай:
– Гүлжан! – деп дауысымды шығара атымды айттым. Ма-
ған іле-шала ұлдар да:
– Бақыт!
– Талғат!
– Қуаныш! – деп саңқылдады.
|