Сәуле Досжан
195
– Кетіп барасыздар ма, неге асықтыңыздар? – деді.
– Ағай келіп тұр əкетуге, – деп едім,
– Гүлжан, қайсы бөлімдесің? – деп сұрады.
– Асханада...– деп үлгергенімше, Дəмелі асық ты рып,
сырт киімімді қолыма ұстатты. Жігіт менің қолымнан қа ғып
алып, жеңін ыңғайлап маған кигізіп жіберді. Тағы айтты дей-
сіз-ау, өмі рім де тұңғыш рет маған біреу құрметпен сырт киім
ки гіз ді. Еркек түгіл, əйел адам қамқорсып бұлай киін дір ген
емес. Бұл жігіт маған «Күң қыз – Күн қыз» ертегісіндегі ақ
боз атты ханзадаға ұқсап кетті. Содан жігіт қыздың қай дан
кел ге нін емес, керісінше, қыз жігіттің қайдан келгенін, тіп-
ті атын да білмей, екеумізге де қатысы жоқ ақсарайда шала
қош та сып кете бардық...
3
Жаңа жылдың үш күн демалысын пайдаланып, артынып-
тартынып ауылға келдім. Əкем өткендегі уəдесін орындап,
ойланып отырғанын айтты.
– Сен келгенде таныстырайын, – деп күтіп отыр едім, –
деді қысыла-қысыла өз жаңалығын жеткізіп. Түсіне қойдым:
– Папа, шынымен мені тыңдағаныңыз ба? – деп қуа нып
бетінен сүйіп алдым. Өсіп кеткен сақалынан бетім ті тір кен-
ді. Жейдесінің жағасының ортасында ырғайдай болған мо-
йы ны əкемнің қандай жүдеу екенін көрсетіп тұрғандай.
Кешке қарай əкем жанына доптай домаланған, ашық-ша-
шық тау көйлегі бар, жалбырлаған шашын резеңкемен жел-
кесіне байлай салған жалқын сары əйелді ертіп келді. Көзі
тұз дай. Сыртта көрсең орыстың маржасы деп қаласың. Əкем
бай құс жігітке ұқсап:
– Жоғары шық, жоғары шық, – деп жалпылдап жатыр.
Біздің үш ұл да үйде болатын. Мен бар, төрт адамның
се гіз көзі қарағанда оңай ма, оның үстіне əкеміз өгей шеше
алып келетінінен хабардармыз, ана əйел кірерін кіріп алып,
196
Достарыңызбен бөлісу: |