Сәуле Досжан
189
тым. «Анау қайда?», – деді бір кезде Шолпан есіктен қарап
Дə ме лі ге. «Кім?», – деді ол екеумізден басқа ешкім жоқ, мені
сұрап тұрғанын білсе-дағы. «Сенің көмекшің». «Осында еді
ғой, Гуля, а Гуля», – деп айқайлаған Дəмеліге көрші бөл ме-
ден шыға келдім. Мені көрген Шолпан:
– Ей, сен біздің артымызды жинап болып барып ке те сің, –
деп ұзын тырнақты быртиған саусағын безеді. Үндемей со-
лар отырған бөлмедегі дастарқанды жинайын деп кетіп бара
жатыр едім, шалғышымнан тартып:
– Қайда, қайда... Марат Жангалич шыққан соң ба ра сың,
– деп плитаға қарай итеріп жіберді. Абырой болғанда та мақ-
тар түсіріліп, от өшіріліп тұрған. Мына қорлықтан қы сы лып,
көзімнен жас бұрқ етті. «Керек еді маған сол қабан» – деп
ішімнен бір бұрқ еттім де артқа шегіндім. Мені бір нұ қып
жеңіске жеткендей болып масайрап Шолпан кетіп бара жат-
ты: «Жан-гал-ич, Жан-гал-ич», – деп айқайлап. Жаныма Дə-
ме лі келді.
– Қызым, оның сөзін көңіліңе алма, кетіп бара жатып бо-
ғын саған жиғызып қоймақшы ғой. Осындай байсыз бала
тап қан қатындардың заманы болды. Оларды «мать-одиноч-
ка» деп əспеттеп, пəтерді алдымен осыларға береді, ол ұят-
сыз дар бастықтарынан бала табады, – деп ақтарылып алды.
Кейін білдім, үш баламен пəтер жалдап жүрген, бес жыл-
дық тəжірибесі бар Дəмелінің отбасына бермей, «Пав ло дар-
строй ға» келген пəтерді жарты жыл істеген Шолпан алыпты.
Шолпан мен бастығының артын жиыстырып Дəмелі
екеу міз түннің бір уағында қайттық. Біздің жаққа баратын
кө лік қатынасы тоқтап қалыпты. Жұмысқа жақындау жерде-
гі Дəмелінің пəтеріне жаяулап-жалпылап жеттік-ау. Келе ұй-
қы ға кеттік, ертесі демалыс болатын сағат онға қарай бір-ақ
ояндық. Бізбен бірге балапандарға ұқсап Дəмелінің үш бала-
сы да шүпірлеп оянды. Оразамды ашқан соң, мен «Тол ға най
іздеп қалар», – деп үйге асықтым. Келсем шынында Тол ға-
най дың көзі бақырайып мені күтіп отыр.
190
Достарыңызбен бөлісу: |