Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет180/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
–  Біреуді  іздеп  жүрмін, – деп  кетейін  деп  бұрылып  еді, 
анау қоя салушы ма еді, жабысып:
– Білем, кімді іздеп жүргеніңді? – деп қоймай қойды. 
Бала тездетіп қашқандай болып кетіп қалды. Анау бол ма-
ған да саған бірдеңе айтар ма еді. Содан бір жеңіске жеткен-
дей болып:
– Қарай гөр, Золушка көзге түскішін, – деп тістеніп ана 
бəле өзіне кетті. 
–  Сонымен  ол  жігіттің  аты  Мақсат  екен,  оны  ана  бəле 
жақ сы таниды. Сенің қайда істейтініңді білді, тағы келер, – 
деп мені Дəмелі үміттендіріп қойды. 
«Ханзаданың  аты – Мақсат.  Оны  Шолпан  танығанына 
қа ра ған да, біздің жаңа жылдық балға келгеніне қарағанда – 
біз дің  салада  жұмыс  істейді», – деп  жүрек  түпкіріне  түйіп 
қой дым. Мен де қыз емеспін бе, сол жігіт тағы іздеп келіп 
қа лар деп елеңдеп жүрдім. 
Бір  күні  есік  алдында  жан-жағыма  қарайлап  тұр  едім, 
Шолпан бұрыштан шыға келді. Қашып үлгермедім.
– Немене, Золушка ана жігітті күтіп тұрсың ба? – деп қы-
лым сы ды. 
– Жəй...
– Мақсат жоғары білімді прораб, саған оған теңесу қай-
да. Одан да өз жолыңды біл. Сенің жұмысыңды істеп бе ре-
тін торғайларың да жоқ, – деп тиісіп, был-былқ басып кете 
барды.
Дыбысым шықпай, көзіме жас толып есік сыртында қала 
бердім.  Дəмеліге  келіп  болған  жайды  айтып  едім,  ол  бұл-
қан-талқан болып ашуланды «Осы Шолпандікі не аңду сені, 
бастық-байы – Жангаличін қызғансын дейік, мына жас бала-
да несі бар», – деп. Өзім де таң қаламын, мен сол Шол пан ға 
не істеп қойдым деп. 
Содан кейін есіктің алдына шығуды қойдым. Шолпаннан 
шошыда ма, жоқ шындығында жоғары білімді прораб жі гіт 
асханада картоп тазалайтын күң қызды менсінбеді ме жо ға-
лып кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет