Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет178/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
197
– Міне, енді жарайсыңдар! – деп əкетайымыз қуанып қал-
ды. Əйел үндемеді. Тек əрқайсымызға көз тоқтата қа ра ға нын 
байқап қалдым. 
Мен асханадан үйреніп келгенімдей, палау жасап едім, ет 
пен сəбіз қосқан күріш ботқа болып шығыпты. Ана мыз дың 
орнына  келген  анамызбен  алғашқы  күнгі  танысу  дас тар қа-
ны на сол бұйырыпты. Əкем менің жасаған та ма ғым ды:
– Біздің Гүлжанның палауы өте бауырмал, менің балала-
рым  сияқты, – деп  мақтап  бізді  күлдіріп,  жабысып  қалған 
кү ріш тен аузына салды. 
Африза тəтеміз еуропалықтарша тік отырып, шұқып же-
ген болды. Мен шəй құйдым. Бəріміз жабылып кешкі та мақ-
ты жеп болған соң, ыдыстарды жиыстырып жууға кі ріс тім. 
Күндегі əдетімен екі інім көмектесті.
Африза тəтеміз əкем екеуі біздің ескі сурет альбомдарын 
қарап отырды. Екеуі түнде түпкі бөлмеге кіріп кетті. Олар-
дың баяғыда мамам жатқан төсекке жатып жатқандарын се-
зіп отырдым. Өзім үйлен десем де ішімді бір қызғаныш тыр-
нап өтті. Бауырларым жерге төсек салып қатарласып жатты. 
Əкемнің бұрышы бос тұрды. Мен өз төсегімде жатырмын. 
Ертесі, арғы күні үйді жуып-тазалау, төсек орында қа ғып-
сілку сияқты тірлікпен жалғыз айналысып жүрдім. Африза 
тəтеміз жаңа түскен келін сияқты, түпкі бөлмеден шық пай-
ды. Əкем де сырттағы кейбір шаруаларын істеп келеді де сол 
бөлмеге кіріп кетеді. Бұрын ұлдарға тапсырма бөліп бе ріп, 
ма ңа йым да жүріп тірлікті бəріміз бірге атқарушы едік. Ұл-
дар дың  үшеуі  үш  жаққа  кеткен.  Бітпейтін  үй  тір ші лі гі нен 
шаршағаннан жыным келді, «Əйелді осы үйге ие болады деп 
əкелді емес пе, маған қонаққа келгендей. Ертең мен кеткенде 
қайтар екен?», – деп ойлап қоямын. Тамақты да мен пі сір дім. 
Ыдыс-аяқтың қайда екенін, ненің не екенін айтып қоя йын ас 
үйге келе ме деп түпкі бөлмеге қарап-қарап қоямын. Тек ас 
əзір болғанда əкем шықты. Менің кешкі асты əзірлеп қой ға-
ным ды көріп, қуанып:


198


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет