Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет174/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Шапалақ  жауып  кетті.  Менің  өмірімде  алғаш  рет  ша па-
лақ  соғуым,  алақанды  қалай  ұстауды  да  білмеймін,  ұялып 
қо лым ды  төмендеу  ұстап  бір-біріне  жақындаттым  арасын 
ашып ұрайын десем қысылғаннан қолдарым ашылмайды. 
Музыка  үні  бəсеңдеп  бастығымыз  жалынды  сөздермен 
бə рі міз ді  келе  жатқан  жаңа  жылмен  құттықтады.  Жанында 
жал тыр ла ған матадан көйлек киген, көзіне көзілдірік маска 
тақ қан Шолпан тұрған жұлдыздай жарқырап:
– Аққайнар атылсын! – деп шаңқ етті.
Сол-ақ  екен,  бір  жігіт  қолындағы  аққайнарын  аспанға 
атып: 
–  Жолдастар  дастарқанға  жайғасыңыздар! – деп  жар 
салды.
Мұндайды көрмеген маған бəрі таңсық. Дəмелінің қо лы-
нан ұстай алдым, ол қолымды қысып дастарқанға бастады. 
Жапырлаған  жұртпен  бірге  біз  де  қатарласа  отыра  қал дық. 
Жаңағы аққайнар атқан жігіттер алдымен басшылардан ба-
стап,  аққайнардың  тағы  екі-үшеуін  атып,  оны  жағалай  құ-
йып шықты. Біреулер тамаққа кірісіпті. 
Бір кезде Шолпан шаңқылдаған даусымен:
– Марат Жангаличтің асыл сөздері үшін! – деп бокалын 
аспандата көтеріп, жан-жағына қарады қарап еді, жұрт жапа-
тар ма ғай бокалдарын қолына ұстады. 
Бастықтың  мейманасы  тасып  бокалын  жан-жа ғын да ғы-
лар мен жүріп соғыстыра бастады. Тіпті, маған дейін келді. 
Мені көріп қуанып кетті:
– Гүлжан, қалайсың? – деп күлді. 
Мен де күлімсіреп:
– Рақмет, жақсы аға, – дедім. 
–  Өзің  қалаға  келіп  құлпырып  кетіпсің  ғой, – деп  тиісе 
кетті. 
Мен не дейін, төмен қарап күлдім. Ол жақындап келіп құ-
ла ғы ма сыбырлады:


Сәуле Досжан
193
– Күлкің қандай əдемі, – деп, ып-ыстық демі құ ла ғым ды 
күйдіріп барады. Сол сəтте əдеттегідей:
– Марат Жангалич! – деп бірдеңеден құр қалғандай, ал-
қы нып Шолпан жетіп келді, бастығының маған сөйлеп тұр-
ға нын байқап қалса керек. Ала көзімен маған ата қарап, бас-
ты ғын қолтығынан алып ары бұрылды.
Мен маңайымдағылардан ұялып барам.
«Қараптан-қарап  Шолпан  екеуміз  бастық  үшін  бə се ке-
лес бола қалғанымызға таңым бар. Марат Жанғалиұлы ме-
нен жиырма жастай үлкен, əкемдей адам. Тіпті менің əкемді 
осылай  киіндіріп  қойса  екеуі  жасты  да  шығар.  Ол  байқұс 
ауылда құрылыспен азып-тозып жүр ғой, тіпті жағдайын жа-
сайтын əйелі де жоқ», – деп терең ойға кеттім. Соны бай қа-
ған Дəмелі:
– Қызым, жесеңші, былай, – деп дастарқанда тұрған та-
ғам дар дың маған таныс емес – икра, қызыл балық сияқ ты-
лар ды жақындатты. 
Дəмелі  апайымның  жанында  маңайдағы  қызыққа  аузым 
ашылып қарап отыр едім бір жігіт келіп биге шақырды. Мой-
нына  галстук  таққан,  мұнтаздай  киінген,  əдепті  жігіт.  Бір 
қолын артына ұстап, екінші қолын созып тұр. «Енді қайт тім, 
қолынын ұстап билейін бе, не істейін», – деп есім шық қан-
нан бетіне қарап күле беріппін. Ол болса кəдімгідей қиы лып 
тұр.  Дəмелі  «барсаңшы»  дегендей  түртті.  Ойымды  жиып, 
қо лым ды создым.
Ол  мені  қағып  алып  кеткендей,  екеуміз  ұшып  ала  жө-
нелдік. 
Өмірімде  вальс  айналмақ  түгіл  жəй  би  билеп  көріппін 
бе! Соңғы сыныптарда жүргенде қыздар бас қосқан бір оты-
рыста  топталып  билегенбіз.  Сонда  басқалар  сияқты  ортаға 
шы ғып  едім,  сəнім  келмеді.  Керемет  секіріп  билей  ал ма ға-
ным нан ұялып, диваннан тұрмай қойғанмын. Біздің қыздар 
вальс ке  мыналар  сияқты  айналып  билей  алмайды.  Əй те уір 


194


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет