Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет175/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
бір селкілдеу ғана. Өздері соған мəз, қызықтап қа рап отыр-
ған мен де мəз болатынбыз.
Құдай-ау,  мен  шынымен  шыркөбелек  айналып,  мынан-
дай келісті жігітпен билеп жүрмін бе?! Шынымен Гүлжан ба 
анау айнада билеп жүрген. Аяғым неге жерге тимейді, мені 
қан дай керемет мынау ақ сарайдың ішінде көтеріп жүрген. 
Əсем безендірілген шырша да менімен бірге айналып, жар-
қы ра ған, жалтыраған ойыншықтары шашу болып шашылып 
жат қан дай.  Маңайымдағы  маска  кигендердің  бірде-біреуі 
кө зі ме анық көрінбейді. Денем жанып бара жатқандай.
– Есіміңіз кім? – деген жігіттің даусын еміс-еміс естідім.
– Гүл-жан... – деп бөліп-бөліп айтқаным есімде. 
Оның  аузы  атын  айтты  ма,  əйтеуір  жыбырлады.  Биден 
мас болып жүрген мен естімедім. Көйлегімнің түсі қыз ғыл-
тым еді, қабырғадағы айнадан байқадым, бетім де көй ле гі ме 
ұқсап қызарып, албырап кетіпті. 
Жігіт тағы бірдеңе деді. Түсінбедім. Мен жауап бермеген-
нен  кейін  жігіт  қайта  ештеңе  сұрамады.  Бір  уақытта  ме нің 
өмірімдегі тұңғыш вальс те аяқталды. Би біткенде ұқ қа ным, 
манадан бері мені ана жігіт қолтығымнан көтеріп алып ұшы-
рып жүріпті ғой...
Би  бітті,  жігіт  мені  əдемілеп  ұзатып  салды.  Дəмелінің 
жанына  келіп  тұрғаным  сол  еді,  сап  етіп  Шолпан  жетіп 
кел ді де:
–  Золушка,  сағат  он  екі  болды,  қайт  үйіңе,  өгей  шешең 
өл ті ре ді, – деді.
– Шолпан, қойсаңшы, шырағым, – деген Дəмеліге:
–  Ойбой,  қорғаушысының  мықтысын-ай,  қорқам...қор-
қам... – деп басын шайқап күлді де бөксесі былқылдап ары 
кетті. Дəмелі енді маған қарап:
– Золушкам менің, күймеміз ана асқабаққа айналып кет-
пей тұрғанда үйге жетіп алайық, – деп күлді. 
Сыртта күйеуі келіп күтіп тұр еді. Киімімізді алып жат-
қан да манағы би билеген жігіт кездесіп қалды. Енді шындап 
қа ра сам, ұзын бойлы, келісті екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет