Үлкен үйдегі үрей
– Менің бір таныс қыздарыммен пəтер жалдайды, – деп
жауап бере қойды. Ана кісі енді маған бұрылып ұза-а-а-қ,
тесіле қарады. Мен ұялғанымнан денем қызып, жерге кі ріп
кете сақтадым. Мен түгіл Тұрсынай да қысылып барады ар-
сыздау қараған туысынан. Мен енді болмаса қашып шы ға-
йын деп тұрғанда барып:
– Тастап кет, бірдеңе етермін, – деді, мені бір сатуға бер-
ген тауар сияқты қарап.
– Жұмыс тауып бересіз бе? – деп нақтылап сұрады Тұр-
сынай, мен туралы мойнына міндеттеме алған адамдай да-
уыспен.
– Ертең таңертең келсін. Қарастырамын. Сен үйіңе қай та-
тын шығарсың?
– Иə, қайтам ғой, балаларды көршіге қалдырып келдім,
осы қыз үшін, – деді Тұрсынай. Мен жəй ғана бір та ны сым-
ның осынша адамгершілігіне риза болғаным сондай, осыдан
жұ мыс қа алса ұятқа қалдырмайтындай істермін деп ойлап
та қойдым.
– Ал, жақсы. Оралға сəлем айт. Сен ертең кел қа рын да-
сым, – деді ағамыз. «Орал», – дегені Тұрсынайдың күйеуі
екен. Асханадан шыққаннан Тұрсынай менің туған апам
сияқ ты маған біраз қалада жүріп-тұрғанды үйреткенше аял-
да ма ға жеттік. Автобусқа міндік. «Қайда барамыз?», – деп
сұрауға ұялдым, өзімнің баратын жерім жоқ, қайда апарса да
маған бəрібір еді. Бір кезде барып:
– Қазір менің кенже сіңлімнің пəтеріне барамыз, осын-
да техникумда оқиды. Соның жанында тұра тұрып ке йі ні-
рек ақша тапқан соң өзің пəтер жалдайсың, – деп мені қала
шетіндегі жатаған бір үйге əкелді. «Пəтер жалдау» де ген ді
ұға мын ба, əйтеуір еріп келемін, далада қалмайтын бол ға ны-
ма қуанып.
«Толғанай» екен Тұрсынайдың сіңлісінің аты. Ол да
апайы сияқты ақкөңіл болып шықты. Төбесі аласа бөл ме де
үш төсек, бір үстел, қабырғаға ілінген кітап салғыш сө ре лер
|