Сәуле Досжан
183
– Əкесінің атын қайдан білейін, – деп күлді Тұрсынай
өзінің қылығына ұялып.
Арғы жақтан мойыны денесімен бірдей болып кеткен ер-
кек шықты. Бізді көре салып:
– Ой, Томка қайдан жүрсің? – деп жылы қарсы алды.
– Сізді іздеп келдім, – деп Тұрсынай қарсы жүріп қолын
алды.
– Кабинетке жүр, – деді де бізді жұмыс бөлмесіне алып
келді. Өзі орынтағына отырды. Біз қарсысына екі орын дық-
қа жайғастық.
– Ал, үйдегілер қалай? Не шаруамен жүрсің? – деп жа-
қын тартып сұрады. Ішімнен қуанып қалдым үлкен кісінің
үй-ішін сұрағанына.
– Бəрі аман, мен сізге мына бір туысымды алып келіп
едім, – деп Тұрсынай маған қарады.
– Мен танымайтын қандай туыс? – деп күлді, көзі жым-
сиып.
– Апамның Лебяжідегі төркінінен. Анасы ерте қайтыс бо-
лып жетімдіктен ешкіммен араласпай өсті. Мектеп бітіргелі
бері жұмыссыз. Соны жаныңызға алсаңыз... – деп маған қам-
қор сып жатыр.
– Білімің қандай? – деп енді ол кісі маған назар аударды.
– Орта, – дедім.
– Сені қандай жұмысқа алсам екен? – деп терезеден сырт-
қа қарады. Мен болсам оның əрбір қимылын аңдып отыр-
мын.
– Ыдыс жуса да, əйтеуір жұмыс болсын, үйренеді ғой, –
деп Тұрсынай қоймайды, мақсаты мені бір жерге орналас-
тыру болып. Ана кісі ыңыранып əлі отыр, екі көзі сыртта.
Бір де ңе ні бақылап отыр ма, бердеңе ойлағандағы ма ңыз да на
қа ла тын əдеті ме, ұқпадым. Бір кезде барып:
– Айтпақшы, бұл қыз қайда тұрады? – деді. Біз екеуміз де
не дерімізді білмедік, себебі «қайда тұрамын» дегенді мен де
ойламаппын. Тұрсынай ересек əйел емес пе, тез есін жиып:
184
Достарыңызбен бөлісу: |