Сәуле Досжан
181
сорыма болар қояр да қоймай үйге алып бардым. Жұ мырт қа
мен шұжық қосып қуырып, шəй бердім.
– Сол жолғы ауырып шыққалы бері күйеуім ішуді азай-
тып, ұрғанын да қойды. Мен өліп қалсам балалардың күні
не болады деп əке-шешесі келіп ұқтырып кетті, – деп қуа нып
отырып:
– Сен не тындырып жүрсің? – дейді.
– Не тындырам, баяғы бауырларымның кір-қоңынан бо-
самаймын.
– Оқуға түспейсің бе, не жұмысқа тұрмайсың ба? – деді.
– Мен мектепте нашар оқыдым, оқуға жарамаймын ғой.
Жұмысқа тұру үшін біреу көмектеспесе, – деп күмілжідім.
– Қолыңнан не келеді?
– Даяшы, ыдыс жуушы, – деп қайдағы бір тірлік аузыма
түскені.
– Менің бір туысым П. қаласында асхананың мең ге ру ші-
сі, соған айтайын, сені асханасына алшы деп, – дегені.
Қуанып кеттім, Тұрсынайды құшақтап сүйіп алдым. Со-
нымен əкем жіберсе келер жетіге қалада кездесетін болып
қоштастық.
– Сен күлгенде сондай сүйкімдісің, көркіңді бай қа ған
адам жұмысқа алмай қоймас, – деп менің көңілімді кө те ріп
Тұр сы най кетті.
Мені де ауырып келгелі бері əкем қатты аяп, үйдің тір-
лігін ұлдарға бөліп беріп отыратын. Мен көбіне тамақ пі сі-
ре тін мін. Бір күні жұқалап отырып əкеме қалаға ке те ті нім ді
білдірдім. Ол кісі тыңдап отырды да қапаланып:
– Иə, ерте ме кеш пе сен бізден кететініңді білгеміз. Бі-
рақ осылай ешбір мамандық алмай кетеді демеп едім. Қа-
ла ның аты қала, ет жақын туысың жоқ, бірдеңеге ұрынып
қа ла сың ба деп қорқам, əйтпесе, біз бірдеңе етеміз ғой мұн-
да, – деді.
– Сол таныс əйел асханаға тұрғызып берем, – деп айт ты
ғой, – деп мен Тұрсынайға сенім білдірдім.
182
Достарыңызбен бөлісу: |