Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет166/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
–  Барсаң  бара  ғой,  міне  бес  жылдан  асты  басыңа  осы 
үй дің  ноқтасын  кигеніңе,  рақмет,  інілерің  мектепке  баруға 
жарап қалды, бірдеңе етерміз, – деді. Содан орнынан тұ рып 
түпкі бөлмеге барып қағазға оралған бірдеңе алып шықты.
– Мынау сенің жолыңа. Біраз киім алуға да жетіп қа лар, – 
деп  маған  берді.  Əкеме  осы  жолы  көз  тоқтатып  қа ра дым, 
«Папам қандай арық!», – деп ойладым. Өзі-өз болып ма ған 
тұң ғыш рет киім ал деп берген ақшасын алып тұ рып, əкем-
ді  ая ған нан  құшақтап  алып,  жылап  жібердім.  Басқа  тартса 
аяққа жетпейтін өмірімізден маған ауыздарынан жырып бе-
ріп отыр ғой, байқұс əкем. 
– Ой, Гүлжан мен сені бізге естияр деп жүрсем, сен енді 
өзің  еңбек  етіп  қаржы  табатын  боласың, – деп  құ шақ та ды 
өзінше жұбатып.
Жексенбі күні əкем мен үш інім мені нақ бір əскерге шы-
ғар ған  жігіттей,  ауылдың  сіріңке  автобусына  шығарып  са-
лып тұрды. Артқы орындыққа отырып алып, ұзап кет кен ше 
қи мас тық пен қол бұлғап кете бардым. 
Ауылдан  тұңғыш  рет  ұзап  шығуым.  Оның  үстіне  жал-
ғыз дан жалғыз. Бұрын ешқайда шығып ел көріп, жер көр ме-
сем де ештеңеден қорқатын емеспін. Кəдімгі П. қа ла сын да 
мені  бір  ет  жақын  туысым  күтіп  тұрғандай  асығып,  кө лік-
тің митың жүрісі жүйкеме тиеді. Көңілім алып-ұшып қа ла-
ға да жеттік-ау. Тұрсынай екеуміз уағдаласқан жерде кезде-
се  қалдық.  Содан  қаланың  ішінде  жүретін  ав то бус қа  мі ніп 
«Облыстық  құрылыс  басқармасы»  деген  мекемеге  кел дік. 
Оның «Асхана» деген жазуы бар ғимаратына кіріп:
– Марат бар ма? – деп сұрадық кассада отырған əйелден.
– Қайсы Марат? – деп жақтырмады дəу əйел. Тұрсынай 
сас қа лақ тап  қалды,  жан-жағына  қарап, «Былай,  толық», – 
деп денесіне көлем қосып көрсетті.
– Марат Жангалиевич қой, – деп көзі күлімдеп, – Қазір, – 
деген дəу əйел ішке қарай маймаңдап жүгіре жөнелді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет