Сәуле Досжан
185
тұр. Үс тел дің жанындағы орындыққа отырған соң Тұр сы най
жағ дайды айтып сіңлісіне түсіндірді. Ол:
– Мына бір төсекке жатып жүрген қыз ауылына кетті, со-
ның орнына жата тұрсын, кейінгісін көрерміз, алдымен жұ-
мыс қа тұрып алсын, – деді үлкен кісіге ұқсап.
Өзі менен бір-ақ жас үлкен. Есеп-қисап техникумында
оқиды екен.
– Менің апам «жетімнің маңдайынан сипаған жеті пе йіш-
тің есігін ашады», «əкесіз жетім – мас жетім, анасыз же тім –
тас жетім», – деп отыратын, өйткені өзі анасыз өсіп, со ғыс
жылдары көрмегені жоқ болатын, сол үшін саған жаным
қал май жүргенім, – деді Тұрсынайды ауылына кететін ав то-
бус қа шығарып тұрғанымда.
Шіркін-ай, ана тəрбиесі деген қандай, өзінің төрт бала-
сын біреуге тастап шала таныс бір жетім үшін осынша жерге
ке ліп, мені жұмысқа тұрғызып, жататын жеріме дейін ойлас-
ты рып кетіп бара жатқан Тұрсынайды туған əпкемдей кө ріп,
құ шақ тап сүйіп, қимай қол бұлғап тұрдым.
Түнімен алаңдап, ұйқым шала болып ертесі сегізден қал-
май асханаға келдім. Соным дұрыс болған екен, олар жұ мыс-
ты өте ерте бастайды екен. Марат ағамды тез тауып алдым,
өзімді көре сала:
– Ой, сұлу қыз, өзің айтқан уақытта келеді екенсің, – деп
қуана қарсы алды. Мен бұрын кім «сұлу» деген дейсің, мына
сөзінен шошып қалдым.
– Сəлеметсіз бе?! – деп қорыққанымнан əрең амандастым.
– Немене есікте тұрсың, кір бері, – деп бұйырды.
– Бүгіннен бастап аспазға көмекші боласың, кешке қа рай
асхананы жууға көмектесесің, – деді де есіктің алдынан өтіп
бара жатқан біреуге «Шолпан кіріп кетші», – деп ай қай ла ды.
Былқ-сылқ еткен «нағыз сұлу» кіріп келді.
– Мына қызды апарып Дəмеліге қос, көмекші болсын,
кешке қарай жиыстыруға да көмектеседі, – деп тапсырды.
Шолпан деген кадр бастығы болып шықты.
186
Достарыңызбен бөлісу: |