Үлкен үйдегі үрей
Сайран тəте сыртынан мақтап жүрген соң сол «мыл қау-
ға» мен күндердің күнінде назар аударып қарап жүріп түр-
сымбатына, тіпті «мылқаулығына» дейін ғашық болдым да
қалдым. «Еркек деген көп сөйлемегені дұрыс, əйтпесе, анау
Сергейге ұқсап əркімнің «шуты» болып жүргеннің несі жақ-
сы. Үндемесе, сабырлы. Салмақты болып жүреді», – деп
оның үндеместігін өзімше ақтап алатынмын. «Оның кел ге-
нін байқамай қалмайын», – деп алаңдап жүргенімді ол бай-
қап қалса керек, бір күні:
– Гуля, шығып кетші, – деп өзі келіп тұр. Балалардың жа-
тын киімдерін кигізіп, түскі тыныштық сағатына жат қы зып
жатқанмын. Есік ашылып, оның басы көрінгенде қуа ныш-
тан жүрегім жарылып кете сақтады. «Иə, иə», – деп басым-
ды изей беріппін. Балалар ұйықтады-ау дегенде есікті аш-
сам, баспалдақта отыр. Мені көріп атып тұрды. Күр те сі нің
алдын ашып бір букет роза гүлін шығарып маған ұсын ды.
Көзі нұрланып тұрып:
– Ертеңгі ұстаздар мерекесімен, – деді. Ертең шын ды ғын-
да ұстаздар мейрамы еді. Мені біреу осындай ұлық мереке-
мен құттықтайды деп ойламаппын. Мен ұстаз емеспін ғой.
– Рақмет! – деп ала беріп едім, тағы бірдеңе ұсын ды, қо-
рап та ғы конфет екен. Оны алар-алмасымды білмей қа лып
едім:
– Ала ғой, «Құстың сүті» ғой, – деп қолыма ұстатты да,
қо лым ды сыртынан қысып қойды. «Мылқау» деп жүрген жі-
гіт тің мына батылдығы менің жүрек түпкірімдегі бір нə зік
се зім ді оятты. Қаным басыма шауып, қып-қызыл болып, де-
нем қызып кетті...
Менің осынау қыз ғұмырымда кім маған гүл əке ліп, сол
кездегі ең аңсар кəмпит «Құстың сүтін» берген дейсіз. Тіп-
ті ешбір жігіт мен арнайы іздеп келген де емес. Баяғы құ-
ры лыс та ғы прораб ханзаданың сыртымнан келіп кеткені
болмаса. Мен ойланып тұрғанда Ерік маған қарап қа лып ты.
Жа на ры ның нұрлысын-ай! Арбалдым да қалдым. Не бір де ңе
|