Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет199/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Енем  бір  күні  менің  құрсағымды  байқап  қалды,  мен 
бір  де ңе  бүлдіріп  қойғандай,  белін  таянып  жаныма  жетіп 
кел ді де: 
–  Ей,  сен  тағы  екіқабатпысың? – деді.  Не  дейін,  үнде-
медім.
– Ана төрт қыз саған аз ба, байлап тастамайсың ба, ол бə-
леңді? – дейді ұялмай. Үндемеймін. 
–  Кешке  легенге  ыстық  су  құйып,  соған  отырғызамын, 
тү сі ре сің! Ана кемпір өлгелі жатыр, сен бесінші қан шық ты 
ту ға лы жүрсің, – деп жер тепсінсін. Қорқып кеттім. Іш те гі 
балаға  алты  ай  болып  қалған,  қимылдайды.  Əжеміз  бас  қа 
бөл ме де қиналып жатыр еді. Соған жаны ашып кетіп ашу-
лан ған шығар деп, төмен қарап жылай бердім. Неден осын-
ша  жазықты  екенімді  өзім  де  түсінбеймін.  Заңды  кү йе уім 
бар,  Құдайдың  берген  баласын  туып  отырмын.  Енем  сол 
күні қызулау екен, қойсашы, жер-жебіріме жетті.
Кешкі тамақты жасап, балаларды жуындырып, ене ле рі ме 
тамақ беріп сүрініп жығылғалы жүргем. Бір кезде енем: 
– Бері кел бері! – деп айқайлады. Дəлізден дауысы шы-
ғып еді ғой, деп жетіп барсам, шынымен темір легенге буы 
шыққан  су  құйып  қойыпты.  Соған  зорлап  отырғызатынын 
бі ліп, айнала қашып, сыртқа шығып бара жатыр едім, шап 
бе ріп халатымнан ұстай алды. 
– Қаншық, отырасың ыстық суға, – деп сүйреді. 
–  Маматай,  қойыңызшы,  бұдан  кейін  тумаймын, – деп 
мен  есікке  ұмтыламын.  Сөйтіп  тұрғанда  халатымның  етегі 
дар айырылып, босанып кеттім де сыртқа атып шықтым. Біз-
дің  керісті  күйеуім  жатын  бөлмеде  естігенімен  шықпайды 
ғой. Балалар у-шу болып «Мамалап», естияры жетіге қарап 
қал ған  үлкен  қызым  «Əжелеп»  шыңғырып  жылап  жатыр, 
оны естіп жатқан əкелері жоқ. Балалардың есігін сыртынан 
əже сі орындықпен тіреп жауып қойыпты. 
Атып шыққан қалпымда көшеге жүгірдім, енді қай те йін. 
Бірақ  дауыстап  ешкімнен  көмек  сұрамады.  Көрші  Мақ сұт 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет