Үлкен үйдегі үрей
ортасында жүр. Ішпеген күні менің жаныма қонады, ішкен
күні ше ше сі нің үйіндегі бала күнгі төсегіне барып паналай-
ды. Оңа ша шыққалы айқайлап күліп, еркін ойнап қыздарым
же ті сіп қалды. Үлкеніме қолым босаса əріп үйретемін.
Бір күні əкемнен хабар келді, тəтем қатты ауырып жатыр
дейді. Баяғыдай емес, бөлек үйге шыққалы кішкене болса да
өзіме-өзім билік ете бастағам.
– Шешем ауырып жатыр, ақша тап, барып келейін, – деп
Еріктің құлағын жеп жүріп бірдеңе алып, ауылға тарттым.
Төрт қызды да ала кеттім, əйтпесе, оларға қарайтын əже ле рі-
нің түрі анау. Дəу əженің де жағдайы қиындап кеткен, со ған
ие болса да жетер.
Əкемнің неден осынша соры қалың екенін қайдам, мен
келгенде тəтемнің жағдайы тым ауыр болып қалыпты. Со-
ның өзінде байқұс əйел:
– Гүлжантай, келгеніңе рақмет, қарағым. Өз үйің ғой ба-
ла лар ға тамақ беріп еркін жүріңдер, мен осындай болып қал-
дым ғой, – деп жатыр.
«Қайран тəтем, біреулер бар денсаулығын құртып арақ
ішіп, туған бала-шағаны қуып жатыр, сен болсаң тумаған
біз ді бауырыңа басып, бір күн жарық үшін күресіп жа тыр-
сың», – деп ойлаймын да, тəтеме қараған сайын кө зім нің
жасы тоқтамайды. Тəтемнің баласы – кенжеміз Қуа ныш тың
қа ба ғы түсіп, көңіл күйі жоқ. Бала да болса, бір бəленің – же-
тім дік деген сұмдықтың тағы келе жатқанын іші се зе тін дей.
Ту ған анасынан жөргекте қалып еді, енді мүшелге толмай
баққан анасынан айырылғалы отырған нағыз тас же тім ба-
уырымды аяғанда ішім өрттей жанады. Құдай-ау қайт сем тə-
те ме шипам тиеді деп жанұшырдым. Алоэ мен балды, спир-
тке қосып ішсе пайдалы дегенді естіп оны да жасап бердім.
Əкем қой сойып, сорпалап та жатырмыз.
– Шырағым-ай, мені ханшадай күттің ғой, ба ла ла рың ның
рақатын көр, – деп батасын береді. Əкем күндіз жұ мыс қа
кеткенде екеуміз əйелдерше сырласып та аламыз. Мен тегі
|