Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет198/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
219
раң ғы түскенде келесің, сонда қанша ақша табасың? – деп 
əсі ре се, өз енем қоймады. Маған ара түсетін Ерік пе, үн де-
мей ді-ау, үндемейді. Өзі кейде кештетіп көзі күліп, шарап исі 
шы ғып келеді. Сөйтіп жүргенде аяғым ауырлағанын сез дім. 
Енем естігенде қуанғаны шығар:
–  Болды,  енді  жұмысқа  барма,  өз  балаңа  күтуші  бо-
ла сың, – деп күлді. Сонда да маңайымда шүпірлеп жүретін 
бүл дір шін де рім ді  қимай,  декреттік  демалысқа  шыққанша 
жұ мыс қа барып жүрдім. 
Тұңғышым қыз болды. Сүтпен көтеріп екіншісін тудым, 
ол да қыз болды. Үшіншісін қалай көтеріп қалғанымды біл-
мей  жүргенде  тағы  қыз  тудым.  Үшінші  қыз  туған  соң-ақ, 
ене ле рім нің ойбайы басталды.
– Мына үшеуін бағып шаршадық, – деп жасы үйден қа-
шып қыдырып кетеді. Үлкен əжеміз басқа бөлмеге кіріп жа-
тып алатын болды. Жұмысқа шығу деген жайына қалды. Дə-
рі гер ге  қаралып  сақтанатын  жол  сұрауға  үйде  балалар  мен 
тірліктен босамаймын, сөйтіп жүргенде – төртінші қыз ту-
дым.  Мен  балалармен  алысып  жүргенде  төркініме  де  бара 
алмадым. Əкем немерелерін көрейін деп бір келгенінде тə-
тем нің  ауырып  жүргенін  айтты.  Сонда  не  ауру  деп  сұ ра ға-
ны ма «Бұрын туберкулездің жабық түрі еді, биыл жиі ауыра 
бе ре ді», – деп қиналды. Оның қабағындағы көлеңкені кө ріп 
ыш қы нып кеттім. Барып қарасуға жағдайым жоқ, «Дə рі гер ге 
қа ра та йық», – дей беріппін, енді қайтейін.
Келер жылы тағы аяғым ауыр екенін айтып едім, кү йе уім-
нің шешелерінен қорқатыны сондай, сол қызымды ту ған ша 
сездірмеуге тырысты. 
– Мама шаршап жүр, енді режитін болды ғой, ең болмаса 
ұл тусаң екен, – деп те қалды. Жыларалатып қыз ды то пыр-
лат қа ны ма айтпаса да өкпелі көрінеді. Өзі ішудің ашық тү-
рі не көшті. Балалар ұсақ, маған қарайласудың орнына күнде 
қы зу ла нып келеді. Абырой болғанда ұрыс шығармайды. Өз 
тө се гін тауып барып, шешінбей жата кетеді. 


220


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет