Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет194/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
215
қан да  ойымызды  анық  жеткізе  алмайтын  кездеріміз  бол ға-
ны. Сон дық тан шығар Еріктің тілі бар «мылқау» атан ға ны. 
Осылай қатты ойланып кетіп, үндемей отырып қалсам керек, 
бір кезде Ерік: 
– Менің ұсынысым ұнамады ма? – дейді түрі адам аяр-
лық тай болып. 
Тез есімді жинап:
–  Ұнайды,  ұнайды! – деппін  ғой,  масқара  болғанда.  Ол 
ме нің жылдам-жылдам айтқан түріме, мен оның адам ая ған-
дай түріне қарап күліп жатырмыз.
– Енді, не? – деп сұраулы қарап тұр. Өзі көп сөй ле мей тін 
адамға мен не деп сөзді көбейтейін. Басымды изеп, «Иə, Иə», 
– дедім, ол қолын созып менің екі қолымды ұстап:
– Бүгін үйдегілерге айтайын ба? – деді де қуанып, – Ме нің 
мамам жəне əжем бар! – деп мақтанғандай атты. Мақ тан са, 
мақтанатындай екен, біз төрт ағайынды бір ананың жылуы-
на  жете  алмай  жүрсек,  бұл  екі  ананың  ортасында  еркелеп 
жүр. Қызғанып кеттім, сол аналарына мен де ортақ болатын 
болдым деп ойлап қойдым. Екі анам бар дегенге анаға зар 
болған сорлы басым іштей қуанып жүрдім.
Сонда он тоғызға енді толған кезім ғой, екі енемнің ме-
нен  жалғыз  ұлдарын  қызғанады-ау  деген  ойыма  да  кі ріп-
шықпапты. Ене мен келін арасында бірі ұлын, екіншісі кү-
йе уін  жақсы  көріп  кейбір  жағдайларда  талас  болатынын 
кім  білген.  Жанындай  көріп  өсірген  жалғыз  ұлын  сырттан 
келген бір қызбен бөлісу оңай ма?! 
Сонымен аз сөзбен көп мəселені шешіп қойғандай болып 
жүргенбіз, бір күні Ерік «менің туыстарым сенің па паң ның 
алдына баруы керек пе?», – дейді. «Керек шығар, мен үйге 
барып əкеме айтып келейін», – деп ауылыма тарттым. 
Үйге келмегелі біраз болған, əкем мен інілерім мен кел-
ген де  үйде  жоқ  екен.  Бір  əйел  ашты  есікті.  Басына  орамал 
тақ қан,  көйлегі  ұзын – баяғы  «Африза  тəтемізге»  қарама-
қай  шы ересек əйел мені үйге кіргізген соң:


216


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет